Home » Партия тынысы, Сараптама » Айқын Қоңыров индустриалды-инновациялық даму жобалары жайында

Айқын Қоңыров индустриалды-инновациялық даму жобалары жайында

10107-konurov1_6f89bebf_e60db388Неліктен Қазақстанда индустриалды-инновациялық даму жобалары сәтсіздікке ұшырайды?

Жуырда индустриалды-инновациялық даму бағдарламалары (ИИДБ) аясындағы «Индустриализация картасы» бойынша іске қосылған кәсіпорынның жағдайы туралы ақпарат шықты. Инвестиция және даму министрінің мәліметі бойынша, 72 кәсіпорынның 19 ғана жартылай жұмыс істеп тұр, қалғандары бойынша бұл көрсеткіш 40 пайыздан да аспайды. Ведомство басшысының айтуынша,  алты-жеті кәсіорынды тіпті іске қосу да мүмкін болмай отыр.

Сұранысы жоқ үш ширек индустриалды жобалар бұл – әлі жақсы көрсеткіш, жағдай бұдан да қиын болуы мүмкін еді.  Өздеріңіз саралап көріңіз: 1 тамыз бойынша мәліметті алатын болсақ,  Қостанай облысында төрт жоба, Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарында екі жобадан, Атырау, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында бір жобадан  тоқтап тұр.

Әрбір төртінші кәсіпорын ғана жұмыс істеп тұр. Әрине, сәтсіз идеялар кез келген елде болады. Іске аспады, қолдан келмеді бұл – қалыпты жағдай, табиғи нарықтық іріктеудің заңдылығы.  Бірақ, сәтсіз инвестициялардың қазақстандық көрсеткіші қалыпты жағдайдан тыс шығып отыр. Бұл жерде мәселе  шамадан тыс тәуекелді венчурлық операциялар жайында емес, мемлекеттік индустриалды бағдарламалар жайында болмақ…

Жалғасы  www.time.kz

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Яндекс.Метрика