Home » Павлодар облыстық комитеті, Партия тынысы, ҚКХП Орталық комитеті » Айқын Қоңыров Павлодар облысының әскери қимылдарға қатысушы ардагерлерімен, фермерлерімен және кәсіпкерлерімен кездесті

Айқын Қоңыров Павлодар облысының әскери қимылдарға қатысушы ардагерлерімен, фермерлерімен және кәсіпкерлерімен кездесті

26 шілде күні Павлодар облысындағы жұмыс сапары барысында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Айқын Қоңыров Павлодар қаласының қоғамдық бірлестіктері мен үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілерімен кездесті. 

о1

«Павлодар қаласы және Павлодар облысы Ауғанстан және жергілікті соғыс ардагерлері мен мүгедектерінің» ҚҚ-ның, Павлодар облысының «Чернобыль одағы» ҚБ-нің, «Жергілікті соғыс ардагерлері, тәжік-ауған шекарасындағы қарулы шиеленіске қатысушылар одағы» ҚБ-нің өкілдері кездесу барысында өздерін толғандырып жүрген мәселелермен бөлісті. Ардагерлер әлеуметтік жеңілдіктердің қысқартылуына алаңдаушылық білдіріп отыр. Кездесуге қатысушылар «Халық коммунистері» парламенттік фракциясының мүшелеріне заң жүзінде барлық ережелер мен жеңілдіктер белгіленген ардагерлер туралы заң бойынша бастама көтеруге ұсыныс жасады. А.Қоңыров өз тарапынан ардагерлерді бұл бастаманы көтеруге белсенділік танытуға шақырды. Сонымен қатар қоғамдық бірлестіктердің мүшелері мемлекеттік әлеуметтік тапсырысқа қатысты шағымдарын айтты. Ардагерлер әскери-патриотттық іс-шараларды өткізуге бөлінетін тендер мен гранттарды бұл салада еш тәжірибесі жоқ ұйымдар жеңіп алады деп мәлімдеді.

Кейін коммунист Павлодар облысының құрылыс-жөндеу материалдарын шығаратын ірі кәспорын «Декалит» ЖШС-де болды. Кәсіпорынның басшылығымен және ұжымымен кездесу барысында депутат зейнетке шығу жасқа және жалпы зейнеткерлік жүйеге қатысты пікірлермен танысты.  Сондай-ақ қатысушылар шағын және орта бизнеске, әсіресе салық және әкімшілік кодекс пен банктердің несие саясатына қатысты мәселелер жайында әңгіме қозғады.

ҚР Парламент Мәжілісінің Аграрлық мәселелер жөніндегі комитеттің мүшесі ретінде депутат Айқын Қоңыров облыстың шаруа қожалықтарына да ден қойды. 27 шілде күні Комарицино ауылындағы «Дидар» ШҚ жетекшісімен кездесті. Депутат арнайы егіс алқабында болды. Шаруа қожалығының жетекшісі өздерінің жұмысымен таныстырып, ауыл шаруашылығы өндірушілердің мәселелерімен бөлісті.  Кездесуде ауыл шаруашылығы бірлестіктерін мемлекеттік  субсидиялау, ауыл шаруашылығы техникасының қымбатшылығы, тұқым шаруашылығы мен асыл тұқымды мал шаруашылығының мәселелері, жайылым мен ауыл шаруашылығына арналған жерлерді пайдалану мәселелері көтерілді. Ауыл жұмысшыларын да медициналық сақтандыру және зейнетақы қорының жағдайы алаңдатып отыр.

Несие ресустарының қымбатшылығы ШОБ-тың дамуына кедергі болып тұр. Бұл жайында депутатқа «4life» LR қызмет көрсету орталығының ұжымы мәлімдеді. Кәсіпкерлер  халықтың тұтыну мүмкіндігінің төмендеуінен шығынға батып жатқандарын айтты. Тауар құнының белгіленуі несиенің көлеміне тікелей байланысты. Сонымен қатар кәсіп иелері медициналық сақтандыруға да алаң болып отыр, себебі оның басым бөлігінің төлемі жұмыс берушіге жүктеледі.

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Яндекс.Метрика