Home » Ақмола облыстық комитеті, Партия тынысы » Аймақтағы жүздесу

Аймақтағы жүздесу

dscn19932017 жылдың 10 қаңтарында ҚКХП Ақмола облыстық комитетінің активі ҚКХП-ның ҚР Парламент Мәжілісіндегі депутаты, ҚКХП ОК-ның хатшысы  Айқын Қоңыровпен кездесті.

Айқын Ойратұлы өз сөзін жаңа жылдық құттықтаумен бастады. Кейін депутат отырысты «халық дауысы депутатқа» ұстанымы форматында өткізуді ұсынып, сөз кезегін өз әріптестеріне берді.

Алғашқылардың бірі болып ІІМ ардагері М.Т. Мусин сөйледі. Ардагер қатардағы полицейлердің төмен жалақысы мен зейнетақысына назар аударуды сұрады. Ардагердің ойын әділет саласының зейнеткері С.И. Бадак та қолдады.

«Қоғамдық кеңестер туралы» заңды іске асыру және жастарды тәрбиелеу мәселесін коммунист А.П. Трофимов көтерді. Ол сонымен қатар жемқорларға қатысты заңды күшейтуді және өлім жазасына мораториді алып тастауды ұсынды.

Жас коммунистерді коллекторлар қызметі, несие беру және тұрғын үй мәселесінің шешілуі сияқты сұрақтар қызықтырды.

Кәсіпкер Россельбай  Ғабидолла  мемлекеттік құрылымдар мен банк жүйесі тарапынан кәсіпкерлікке деген екіжүзділік мәселесін көтерді.

Жас коммунист М. Шамиғанов автокөлікті сақтандыру мәселесін ортаға салды.

Партияның ардагері Н.Самигулина Ұлы Қазан төңкерісінің 100 жылдық мерейтойын жастардың және жалпы халықтың идеологиялық тәрбиесіне бағыттауды ұсынды.

Кеш қорытындысын ҚКХП ОК хатшысы, Парламент депутаты Айқын Қоңыров өзі жасады. Халық қалаулысы көптеген мәселелер бойынша түсініктеме берді, партияның жоспарымен таныстырды. 

Ақмола облыстық комитеті

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники