Home » "Шапағат" Халықтық жобасы » Айтар алғысым шексіз

Айтар алғысым шексіз

azhe-1Қазақстан Коммунистік Халық партиясының мүшелерімен биылдан  бастап тығыз араласып жүрмін. Барлығы ойда жоқта, күтпеген жерден басталды.

Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында партия белсенділері хабарласып, мүмкіндігі шектеулі балалар мен олардың ата-аналарына қуаныш сыйлағылары келетіндерін айтты және мені немерем Медетпен бірге «Балдаурен» ойын-сауық орталығына шақырды. Бұл жерде коммунистер денсаулығының кінәраты бар балаларға түрлі автоматтарда шексіз ойнауға, қолданбалы өнермен айналысуға, бейнелеу шеберлігін танытуға, ертегілер мен мультфильмдердің кейіпкерлерімен кездесуге мүмкіндік туғызды. Тіл үйірер тәттілер мен тосынсыйлар ұсынып, түрлі ойындар мен сайыстар ұйымдастырды. Бұған қоса барлық балаларға сыйлық сыйлады.

Республикалық «Мектепке жол» акциясы аясында да коммунистердің назарында болдық. Олар бізді кеңселеріне арнайы шақырып, оқуға қажетті құрал-жабдықтар берді. Нәтижесінде немерем су жаңа сөмкеге және канцелярлық құралдарға ие болды.

Біздің отбасы үшін Қазақстан Коммунистік Халық партиясы жүзеге асырып жатқан «Шапағат» халықтық жобасының маңызы зор. Себебі біз осы жобаның да жақсылығын көрдік. Менің немереме күзгі, қысқы киімдер осы жерден табылды.

Менің басымдағы қиын жағдайды жұртқа жеткізген де «Шапағат» халықтық жобасының жүзеге асырушылары болды. Мұндағылар әлеуметтік желілер арқылы дабыл қаққаннан кейін маған көп адам хабарласып,  түрлі көмек көрсетті. Осы үшін халық коммунистеріне ана, әже ретінде ризашылығыды білдіріп, алғыс айтқым келеді.

Өзіме келетін болсам, мен сал ауруына шалдыққан 11 жасар баланы тәрбиелеп отырған әжемін. Күні бүгінге дейін Астананың шетінде саяжайда тұрып келдік. Саяжайдың сүрілуіне байланысты ауылға көшуге мәжбүр болып отырмыз. Бұдан былай немерем ауыл мектебінде оқитын болады. Бұл оның денсаулығына қауіпті. Себебі немеремнің талып қалатын кездері болады. Сондай сәтте бізге ауылда кім көмектеседі? Осыны қатты уайымдаймын.

Немерем өмірге 12 мүшесі сау болып келді. Қызым мен күйем балам оны абайсызда құлатып алып, осындай күйге душар қылды. Кейін күйеу балам қызымды да, немеремді де тастап кетті. Атасы екеуміз баланы өз тәрбиемізге алдық. Ал қызымыз біздің рұқсатымызбен екінші рет тұрмыс құрды. Қазір өзімен өзі өмір сүріп жатыр.

Жалпы, немерем өте зерек, сабақты жақсы оқиды. Бірақ сөйлей алмайды.

Мен баланың асыраушысы болып отырсам да мемлекеттен ешқандай  материалдық көмек алмаймын. Мамандардың айтуынша,  мұндай көмек алуға жасым сай келмейді.Ал немеремнің жәрдемақысы ем-домынан артылмайды. Мен жұмысқа шыға алмаймын. Себебі үнемі баланың қасында бір адам отыруы керек. Осыны айтып бармаған жерім, баспаған тауым қалмады. Бірақ, еш нәтиже шықпады.

Жабырқаған жаныма жылу іздеп жүргенде коммунистерге жолыққанымды тағдырымның сыйы деп білемін. Өйткені олар маған

әлеуметтің әлсіз тобына және көмек пен қолдауға мұқтаж жандарға жәрдемдесу басты бағыттары екенін сөзбен емес, іспен көрсетіп отыр. Партия өкілдері менімен байланыстарын үзбейтіндерін және қолдарынан келген көмекті аямайтындарын айтты.  Мен оларға сенемін.

Бақыт ОМАРОВА

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники