Home » Ақмола облыстық комитеті » Алға, түлек.

Алға, түлек.

Чаглинка орта мектебінің «Соңғы қоңырау» салтанатты шарасына облыс орталығынан қонақтар келіп қатысты. Мерекелік іс-шараны мектеп директоры А.К. Айтқожин ашты, кейін құттықтау сөздерімен ата-аналар мен қонақтар да сөз алды.  Қазақстан Коммунистік Халық партиясы атынан Ақмола облыстық комитетінің бірінші хатшысы Бейсенбай Мәжитов сөз сөйледі. Б.Мәжитов өз кезегінде жас түлектерге арнап Н.Заболотскийдің «Не позволяй душе лениться» атты өлеңін оқып берді. Сонымен қатар халық коммунистері бітіруші түлектерге партияның белгісі бейнеленген кәдесыйлар мен жиынтықтар табыс етті. Облыстық комитеттің жастармен жұмысқа жауапты мүшесі Ә. Еламанова 9-11 сынып түлектерімен әңгіме-дүкен құрып, телефон номерлерімен алмасып, естелікке фотоға түсті.

Салтанатты бөлімнен кейін облыстық комитеттің бірінші хатшысы Б. Мәжитов пен Р.Балахонцева ұстаздар қауымымен, Чаглинка агроколледжі және ауыл тұрғындарымен кездесіп сұхбат құрды.

ҚКХП Ақмола облыстық комитеті

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники