Home » Ақмола облыстық комитеті » Алдыңғы буынға тимуршыларша қамқорлық

Алдыңғы буынға тимуршыларша қамқорлық

Ардагерлерге ерекше назар аудару мақсатында ҚКХП Ақмола облыстық комитетінде қолға алынған айлық биыл  Гайдардың Тимурының ұстанымымен өтті.

Халық  коммунистері ардагер-ақсақалдардың үйлеріне барып қана қоймай, олардың тұрмысына қолқабыс етуді көздеді. Бұл істе партияның жастардан құралған жасағы белсенділік танытты. Медицина ардагері және мүгедек  Лидия Перфирьева мен оның науқас ұлы Алексейге халық коммунистерінің бір құшақ гүлмен және азық-түлік жиынтығымен келуі  күтпеген жағдай болды.

  Лидия   Игнатқызы телефон ақысын төлеуді, жеміс-жидекке барып келуді және үйдің шаңын сүртіп беруді өтінді. Бұдан кейін ол коммунистермен шай ішіп отырып   әңгімелесті.

Белсенділер Құралай    Омарованың  бір бөлмелі пәтерін жинастырып берді. Өз кезегінде үй иесі қала ардагерлерінің тізімінде тұрмағандығына қарамастан  халық коммунистерінің көмек көрсеткеніне ризашылығын білдірді және оны халық коммунистерінің өз ардагерлерінің тізіміне қосу туралы ұсынысына қатты қуанды.

Пошта байланысының ардагері  88 жасар Иван Лелин КПСС қатарына қалай қабылданғанын есінде жақсы сақтапты. Ол халық коммунистеріне  1991 партиялық билетін және 1991 жылы төлеген жарнасын көрсетті. Ардагер депутат В. Косаревтің кітаптары үшін алғыс айтып, коммунистерге өз кітабын сыйлады.

 Жас тимуршылар үйді жинастырып жатқанда Иван  Лелин облыстық комитеттің хатшыларына өзінің еңбек жолын баяндап берді. Ол өмір жолында үнемі жақсы адамдармен жолыққанын атап көрсетті. Сонымен қатар әскери бөлімнің мекен-жайының өзгеруіне байланысты бір сәлемдемені бірнеше рет жөнелткенін және ол мыңдаған шақырымдардан, жүздеген қолдардан өтсе де тиісті мекен-жайына аман-есен  жеткізілгенін әңгімеледі. Осы оқиға арқылы ардагер коммунистердің мектебін көрген адамдар ғана адал еңбек ететінін айтты. Бұдан кейін ардагер қазіргі коммунистердің Кеңестік коммунистердің дәстүрін сақтағанын және жалғастырғанын қалайтынын жеткізді.

Осы күндері Ақмола облысының коммунистері барлық ардагерлерді қамтуға және оларға мерекелік көңіл-күй сыйлауға  тырысты.

    

ҚКХП Ақмола облыстық комитеті

08.10.2015 ж.

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники