Home » Алматы қалалық комитеті, Партия тынысы » АЛМАТЫЛЫҚТАР ВАСИЛИЙ ЛАНОВОЙМЕН КЕЗДЕСТІ

АЛМАТЫЛЫҚТАР ВАСИЛИЙ ЛАНОВОЙМЕН КЕЗДЕСТІ

21  маусым күні Алматыдағы 28 гвардиялық-панфиловшылар атындағы саябақта Ауғанстан соғысы мен басқа да локальдық қақтығыстардың ардагерлері және мүгедектерінің қоғамдық бірлестігінің үйлестіру кеңесінің ұйымдастыруымен  «Спасибо за верность, потомки!» қоғамдық-патриоттық концерт-акциясы өтті. Акцияға Ресейден арнайы келген КСРО Халық әртісі Василий Лановой қатысты.

19396880_1841260302806354_8475156318917917681_n

Іс-шара 22 маусым – Ұлы Отан соғысының басталуына орай өткізілді. Алматы қ. халық коммунистері мұндай айтулы іс-шарадан тыс қалмады. ҚКХП Алматы ҚК басшылығы, белсенділері мен мүшелері Әлібек Шапенов, Абзал Әуелбеков, Вячеслав Артемьев, Диана Мұратова және т.б. кеңес кино өнерінің жарық жұлдызы Василий Лановоймен кездесуге панфиловшылар саябағына жиналды. Василий Семенович іс-шараға И.Панфиловтың немересі Айгүл Байқадамовамен және интернационалист-жауынгерлермен бірге келді. «Бұрын біз Вахтангов театрымен Алматыға жиі келетінбіз. Араға біраз уақыт салып қайтадан Алматыға келіп тұрмын. Қала үлкейген, жаңа ғимараттар көп…»,- деп өз ойымен бөлісті халық әртісі. В.Лановой барша азаматтарға Ұлы Отан соғысы туралы естелікті сақтауға үндеу салды. Лановой кездесу барысында соғыс тақырыбындағы кеңес ақындарының өлеңдерін оқып, ән шырқады.

Рәзия ӘБДІҚАДЫРОВА

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Яндекс.Метрика