Home » Партия тынысы, Шығыс Қазақстан облыстық комитеті » «Алматы-Шушенское» экспедициясы Өскеменде

«Алматы-Шушенское» экспедициясы Өскеменде

«Алматы-Шушенской. 1917-2017» мәдени-этнографиялық  автоэкспедициясының ұйымдастырушысы ҚКХП Алматы ҚК бірінші хатшысы Әлібек Шапенов автошерудің мақсаты туралы айтып берді:

20170715_171652

- Бұл автошеру екі мақсатпен ұйымдастырылды. Біріншіден, іс-шара Ұлы Қазан социалистік революциясының 100 жылдығы қарсаңында өтіп жатыр. Сондықтан революцияның көшбасшысы, алғашқы социалистік державаның негізін қалаушы Владимир Ленинді еске алуды жөн санадық. Ленин социалистік идеялары үшін патшалық үкіметпен талай қудаланған. Ленин Шушенское селосына жер аударылған. Лениннің көптеген еңбектері айдауда болғанда жазылған, кейін марксистік ілімнің теориялық құндылықтарының алтын қорына енген. Сондықтан біз үшін Шушенское селосына және сондағы В.И. Лениннің музейіне бару үлкен парыз.

Екіншіден, біздің жол Таулы Алтай, Кузбасс, Таулы Шория мен Хакасия арқылы өтеді. Бұл аймақтарда бірнеше түркі халықтары мекендейді. Қазақтарға тарихы мен тілі, өмір салты жағынан жақын халықтар. Бұл жерлерде қазақтар қоныстанған қалалар мен ауылдар да бар. Біздің мақсат – осы халықтардың тұрмыс-тіршілігімен танысу. Мәдени, білім және адами спектр бойынша тиімді ынтықмақтастық бойынша байланыс орнату маңызды. Осылайша біздің екінші мақсатымыз этнографиялық бағытты дамыту және зерттеу болып табылады.

Экспедиция мына бағыт бойынша жүріп өтеді: Алматы –  Алакөл – Аягөз – Өскемен –  Шемонаиха – Змеиногорск – Таулы Алтай – Телецкое көлі – Новокузнецк – Минусинск – Шушенское. Кері бағытта біз Абакан, Бийск, Барнаул, Рубцовск, Семейге соғуды жоспарлап отырмыз.

Біз Қазақстандағы жақтастарымыздан қолдау тауып келеміз.   Ресейдегі КПРФ-тағы жақтастарымыздан және қарапайым азаматтардан да қолдау табатынымызға сенім білдіреміз.

Өскеменде аялдаған жолаушылар өз бағыттарын әрі қарай жалғастырды.

ҚКХП ШҚОБ Баспасөз орталығы

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Яндекс.Метрика