Home » Партия тынысы, ҚКХП Орталық комитеті » АНАЛАРҒА КӨМЕКТЕСІҢІЗДЕР!

АНАЛАРҒА КӨМЕКТЕСІҢІЗДЕР!

«Халық коммунистері» жалғызбасты аналардың құқығын қорғауда. Өткен сәрсенбі күні Парламент Мәжілісінде фракция жетекшісінің м.а. Айқын Қоңыровтың төрағалығымен «Халық коммунистері» фракциясының кеңейтілген отырысы өтті.

112

Алименттерді төлеу – Қазақстандағы өзектің мәселелердің бірі. Іс-шара барысында депутат Магеррам Магеррамов  баяндаған статистикалық мәліметтерге сүйенсек, қазіргі таңда республикада 300 мыңнан астам бала «екінші ата-анасынан» ешқандай заңды қаржылық көмегін алып отырған жоқ. Алимент бойынша қарыз соммасы шамамен екі миллирд теңгеге жетіп қалды.

  • Бұл мәліметтер жай ғана сандар емес. Бұл балалардың, оның ішінде мүгедек балалардың тағдыры. Бұл мәселе жалғызбасты аналардың жағдайын тіптен қиындатып отыр. Мүгедек баланы бағып отырған аналар толыққанды жұмыс істей алмайды,- деді депутат.

Әкелер мен мемлекеттің немқұрайлығы парықсыз қатыгездікті тудырады. Ақшаның жоқтығы мен үмітсіздік жалғыз қалған аналарды да жаман қадамдарға итермелейді. Олар балаларын асырай алмағандықтан  тастап кетуге дейін барады. Перзентханада тастап кетсе бір жөн, қоқыс контейнерлеріне лақтырып немесе айдаладағы тас жолдарда тастап кетіп жатыр. Әрине, отандық заңнамада қашқын әкелерге қолданатын шаралар жеткілікті. Көлік жүргізу куәлігінің жарамдығын тоқтату, шет елге шығу мүмкіндігінен айыру, әкімішілік нормалар. Қылмысты қудалау және 2,5 жылға дейін бас бостандығынан айыру да бар. Алайда бұл шаралар қаншалықты іске асып жатыр және олардың тиімділігі туралы күн санап алимент төлемейтіндердің артып келе жатқан көрсеткішінен білуге болады.

Көп жағдайда жалғызбасты аналар баласының әкесін қамауға алғанын қаламайды. Баланың болашағына кері әсерін тигізеді деген оймен. Сот арқылы мәселені шешу жалғызбасты ана үшін қиын жағдай. Борышкерлерде тартып алынатын мүлік те болмайды. Сонымен қатар олардың арасында жұмыссыздар қатарына кіріп, жалақыны «конверт» арқылы алатындар да жоқ емес, бар.

Коммунистердің алға тартқан ұсыныстары шынайылыққа жанасады. Мысалы, ресми түрде жұмыссыз жүрген әкелерді қоғамдық жұмыстарға міндеттеу. Осылайша табылған табыс отбасына беріледі.

- Оларды жұмыс істеуге міндеттеу керек және ресми жалақыларынан қажетті сомманы ұстап отыру қажет, – деп ұсынды депутат Айқын Қоңыров. – Мысалы, бізде жол  жұмысшылары тапшы. Осындай «әкелерді» осы жұмыстарға неге тартпасқа? Олардың 60 пайызының жұмыстары бар, бірақ олар экономиканың көлеңкелі секторында жұмыс істейді және алимент төлегілері келмейді. Осылайша олар «көлеңкелі» жұмыстарынан айырылып, көше сыпыруға немесе қар тазалауға барады.

Коммунистердің тағы бір ұсынып отырған әдістері дамыған елдерде   (біз ұмтылып жүрген «отыздық») көптен бері қолданылып келеді. Бұл Мемлекеттік Алимент қорын құру әдісі.  Бұл ұсыныс әзірге қарастырылып жатыр, Үкімет бұл қордың шығыны көп болады деп санайды. Алайда пікірталас әлі жалғасуда және өзге балама ұсыныстар жоқ.

- Осылайша мемлекет отбасыларға көмек көрсетеді,- дейді Магеррамов. – Кейін алимент төлемейтіндермен өзі айнасылады, олардан өндірілген ақшамен шығындарын жабады.

Коммунистер мұндай әдісті тиімді деп санайды, ана мен бала қорғаулы болады, ал мемлекеттің әкімшілік ресурстарымен борышкерден қаржыны талап етуге жалғызбасты аналарға қарағанда  мүмкіндіктері әлдеқайда жеткілікті.

- Біздің талқылап отырған мәселеміздің партиялық немесе идеологиялық сипаты жоқ, – деп анықтады Магеррамов өз сөзінде. – Біздің мақсат балаларға  көмек көрсетіп, аналардың жағдайын жеңілдету.

 ҚКХП ОК Баспасөз қызметі

16 Наурыз 2017 жыл

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники