Home » Партия тынысы, Қарағанды облыстық комитеті » Қарағандылық коммунистер «Тарих. Ақиқат пен аңыз» тақырыбында қоғамдық пікірталас өткізді

Қарағандылық коммунистер «Тарих. Ақиқат пен аңыз» тақырыбында қоғамдық пікірталас өткізді

Қоғамдық пікірталас 22 маусым күні Кәсіподақтар үйінің мәжіліс залында өтті. Пікірталасқа қоғамдық ұйымдар мен саяси партиялардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен бұл мәселеге бей-жай қарамайтын азаматтар қатысты.

DSC_1055 (1)

Қарағандының жастары Ұлы Отан соғысы туралы не біледі? Осы іспеттес бірнеше сұрақпен ҚКХП Қарағанды ОК жастар қанатының мүшелері мектеп, колледж және жоғары оқу орындарында білім алып жатқан жастар арасында сауалнама жүргізді. Алынған жауап көңіл көншітпейді. «NEXT ұрпағы» баршаға аян панфиловшылардың ерлігі, Сталинград түбіндегі шайқас, маршал Жуков және т.б. тарихи тұлғалар мен фактілерден бейхабар болып шықты.

  • Соңғы кездері тарихи фактілерді бұрмалау оқиғалары жиі орын алып жатыр. Тарихи оқиғаларды бұрмалау ұлттық патриотизмді қалыптастыратын адами құндылықтарды жоғалтуға әкеп соғады. Ұлы Отан соғысының тарихын бұрмалау оқу әдебиеті мен бұқаралық ақпарат құралдарына ену арқылы өскелең ұрпаққа кері әсерін тигізеді. Оқулықтарда бұқаралық ерлік туралы жалпылама мәлімет, біздің жеңісіміздің қайнар көзі, нәтижесі мен соғыс сабағы туралы бұрмаланған материалдар келтіріледі,- деді ҚКХП Қарағанды облыстық комитетінің бірінші хатшысы Александр Зевахин. Бірінші хатшы, «Халық коммунистері» фракциясы Білім және ғылым министрінен Қазақстан тарихы оқулықтарында Ұлы Отан соғысына қатысты тарихи фактілерді өзгертуге қатысты түсініктеме беруді талап еткенін атап өтті. Сауалда фашизмді жеңудегі кеңес азаматтарының шешуші рөлі бұрмаланғандығы, бағдарлама бөлімдерінде кеңес-герман майданындағы бірде бір шайқас (Мәскеу шайқасы, Сталинград шайқасы, Курск шайқасы) бейнеленбеген, бірақ «Оғаш соғыс», «Перл-Харбор және соғысқа АҚШ-тың кіруі», «Еуропада екінші майданның ашылуы» сияқты басқа әскери оқиғалар ерекше талқыланғандығы айтылған. Бұқаралық мәдениетте де ҰОС-тың жалпы тұжырымдамасы мен фактілерін бұрмалау орын алуда. БАҚ-та 9 мамыр мерекесінің маңыздылығы мәселесін көтеріп, бұл датаны аза тұту күніне ауыстыруды ұсынып жүрген жалған тарихшылар мен қоғам қайраткерлерінің мақалалары жиі шығады. Кинофильмдерде тарихи фактілерді коммерциялық табыстың талабына бола екінші планға ығыстырып бұрмалап жатыр.

Александр Михайловичтің баяндамасы қойылған сұрақтарды кеңінен және жан-жақты талдауға себеп болды. Әлеуметтанушы Сергей Фролов, қазіргі кезде ақпараттық соғыс болып жатқанын айтып, тарихи фактілерді халықтың жадынан өшіруге тырысатындар үшін қазақстандық жастар «олжаға» айналып отыр деген ой қосты.

Қарағанды қ. білім беру бөлімінің өкілі Роза Қалмұханова, тарих пәнінің мұғалімдері сабақ барысында кеңес кезінің оқулықтарын қолдануға мәжбүр екенін жеткізді. Ұстаздардың мақсаты оқушылардың санасында тарих туралы дұрыс әрі шынайы таным қалыптастыру. ҚКХП Қарағанды ОК жастар қанатының көшбасшысы шенеуніктерге ардагерлермен, соғыс балаларымен және т.б. жиі кездесулер ұйымдастыруды ұсынды.

Пікірталасқа қатысушылардың барлық ұсыныстары хаттамаға енгізіліп,  ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «Халық коммунистері» фракциясына жолданатын болады.

ҚКХП Қарағанды облыстық комитеті

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Яндекс.Метрика