Home » Партия тынысы, Қарағанды облыстық комитеті » Қарағанды: «Шапағат» мектепке дайындайды»

Қарағанды: «Шапағат» мектепке дайындайды»

1 қыркүйек қарсаңында алғаш рет мектеп табалдырығын аттаған «Құлыншақ» балалар үйінің тәрбиеленушілері мен мүмкіндіктері шектеулі балалар ҚКХП Қарағанды облыстық комитетінен сыйлықтар алды. Бұл іс-шара «Шапағат» мектепке дайындайды» акциясы аясында өткізілді.

21078782_378895439180427_6134222246867044500_n

Акция Қарағанды қаласында тамыз айының соңында бастау алды.  Қарағанды облыстық комитетінің басшылығы «Құлыншақ» балалар үйіне барып, тәрбиеленушілерге мектепке арналған құрал-жабдықтар тапсырды.

Кейін ҚКХП Қарағанды облыстық комитетінің басшылығы «Үміт» мүгедектердің ерікті қоғамының іс-шараларына шақырылды. Ол жерге де халық коммунистері құр қол келген жоқ. Балаларға мектепке қажет құрал-жабдықтарын ала келді.

Қарағандылық коммунистер мен «Үміт» қоғамы арасында бұрыннан тығыз байланыс орнатылған. Қоғам жетекшісі Валентина Власова облыстық комитет ұйымдастырған дөңгелек үстелдерге қатысып, мүмкіндіктері шектеулі азаматтардың мәселелерін жиі көтереді. Биыл ұйым өзінің отыз жылдығын атап өтті.

Облыстық комитеттің бірінші хатшысы Александр Зевахин балалар мен ата-аналарды жаңа оқу жылымен құттықтап, сәттілік тіледі. Мүмкіндіктері шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналар үшін балаларды мектепке дайындау қиынға соғады. Сондықтан кез келген көмек олар үшін үлкен қолдау.

ҚКХП Қарағанды ОК

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Яндекс.Метрика