Home » Ақмола облыстық комитеті, Партия тынысы » Қарапайым адамдардың өмірі, агробизнес және машина жасау мәселелері

Қарапайым адамдардың өмірі, агробизнес және машина жасау мәселелері

IMG-20170112-WA0009P1060284ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Айқын Қоңыров  жұмыс сапары барысында жеке қабылдаулармен қатар агробизнес фирмалары мен кәсіпорындардың жұмысымен танысып шықты.

А.Қоңыров облыс орталығында қала тұрғындарымен кездесіп, Парламент жұмысымен таныстырып, көптеген сауалдарға жауап берді.

Депутат–коммунист Целиноград ауданына қарасты Ақмол ауылының тұрғындарының мәселелерін тыңдап, жаңа құрылыстармен танысып, азаматтарды қабылдады.

Зеренді ауданында Айқын Қоңыров «Айжар» ЖШС болып қайтты. Бұл шаруашылық мал шаруашылығы өнімдерін өндіруді алға қойып, сапалы азық-түлік шығаруда. Кәсіпорын жетекшілері өнім өндіруде қазақтың ұлттық дәстүрін алға қоятындарын айтты. Сонымен қатар кәсіпорын үздіксіз цикл құрастыруды, яғни малды өсіру және өнім шығаруды алға қоймақ.

Кейін депутат Ақкөл ауданының Азат ауылындағы «SC  FOOD»   ЖШС-да болды. Шаруашылықпен таныстыру барысында ЖШС директоры Мақсұт Бақтыбаев олардың мақсаты заманауи технологияның негізінде сапалы мал өнімдерін шығару екендігін айтты. М.Бақтыбаевтың агрофирмасы фермерлер үшін асыл тұқымды мал өсіреді, алайда қазіргі кезде олар өз өнімдерін шығаруды да көздеп отыр. Айқын Қоңыров шаруашылықтың жұмысшыларымен кездесіп, олардың тұрмыстық жағдайларын, жалақыларын білді. Жұмысшылар кәсіпорын ауылға, табысы аз азаматтарға және жергілікте мектепке  үлкен әлеуметтік көмек көрсететінін айтты.

Депутаттың келесі кездесуі Степногорск қаласына қарасты Заводской ауылындағы «Целингидромаш» ЖШС-да жалғасты. Зауыт директоры Ж.А. Олжабаев ЖЭС-ке арналған құрамдас бөлшектер, шахталық құрылғылар мен уран кәсіпорындары үшін сыйымдылық өндіретін цехпен таныстырды. Депутатпен әңгімелесу барысында жұмысшылар жас мамандардың тапшылығы туралы айтты. Кадр тапшылығы мәселесін  кәсіпорын директоры Ж.Олжабаев та атап өтті.

Халық қалаулысы Степногорск қаласындағы партияның қалалық комитетінде азаматтарды қабылдап, коммунистермен әңгіме-дүкен құрды. Жергілікті кәсіпкер А.Гавриннің сұрауы бойынша оның бизнес құрылымында кездесу өтті. Жергілікті «Новая» басылымының редакторы әрі негізін қалаушысы Андрей Гаврин депутатты оқырмандар  мен қала тұрғындарының көкейінде жүрген сұрақтармен таныстырды.

ҚКХП-ның ҚР Парламенті Мәжілісіндегі депутаты Айқын Қоңыровтың жұмыс сапары мен кездесулері демократиялық негізде өрбіді.

Ақмола облыстық комитеті

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники