Home » Партия тынысы, Шығыс Қазақстан облыстық комитеті » АРДАГЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

АРДАГЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ҚКХП Шығыс Қазақстан облыстық комитетінің кеңсесінде Қарт адамдар күні мен Ұстаздар мерекесіне орай партия және еңбек ардагерлеріне, сонымен қатар білім беру саласының ардагерлеріне құрмет көрсетілді.

20171004_121026

Бұл күні партияның облыстық комитетіне облыс орталығындағы партиялық ұйымның жұмысына белсене қатысып жүрген Рәзия Зайкеновна Акатаева, Нина Зиновьевна Кабанова, Надежда Петровна Канкина, Любовь Ивановна Ляпунова  сияқты т.б. құрметті ардагерлер жиналды.

Шығыс Қазақстан облыстық комитетінің бірінші хатшысы Шыңғыс Байдәулетов өз сөзінде: – Біз Сіздерді шын жүректен мерекелеріңізбен құттықтаймыз! Сіздердің жетістіктеріңізге басымызды иіп, ерен еңбектеріңіз бен батылдықтарыңыз үшін алғыс айтамыз. Азаматтық ұстанымдарыңыз бен еңбекқорлықтарыңызға, қоғам өміріндегі белсенді еңбектеріңізге ризашылығымызды білдіреміз. Жас ұрпақ сіздерден үлгі алады,- деді.

Мерекелік кездесуде ОК басшылығы партия белсенділерін алдағы жұмыс жоспармен таныстырды, ал ардагерлер өздерінің еңбек жолдары туралы әңгімелеп берді.

ҚКХП ШҚОБ Баспасөз орталығы

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Яндекс.Метрика