Home » Партия тынысы, Сараптама, ҚКХП Орталық комитеті » «Астана-Щучинск» жолына шыққандар ақыны ажал құшу үшін төлей ме?

«Астана-Щучинск» жолына шыққандар ақыны ажал құшу үшін төлей ме?

21Біздің еліміздегі ақылы жол әзірге «Астана-Щучинск» бағытындағы автобан ғана. Шетелдіктер салған соң ба, обалы нешік, бұл жол жаз күндері әлі жақсы. Екі жаққа да кететін үш жолақ – бағасын білген адамға тамаша. Алайда осы жолмен қалай жүруді білмейтіндер көп. Оң жақтағы жол – жылдамдығы ақырынырақ автобус пен жүк машиналарына, ортаңғы жол жүйрік жеңіл машиналарға, сол жақтағы жолақ басып озатындарға арналып, үнемі бос болуы керек екенін білмейтіндер осы үшеуіне кезек шығып, қай жолақ бос болса сонымен жүріп, апатты жағдай тудырып жатады. Екі жылдан бері ақылы болған ондағы жол жүру ережесі жақсара түсіп, тазалығы арта түсуі керек еді. Өкінішке қарай керісінше болып тұр. Мәжіліс депутаты Айқын Қоңыровтың айтуына қарағанда онда метеорологиялық жағдай нашарлаған кезде жол апаттары көбейіп, адам шығынына жол беру жиі орын алып тұр. Оның бір себебін депутат «Қазавтожол» Ұлттық компаниясының осы жолға қожалық ететін «Ақылы автомобиль жолдары дирекциясы» деп аталатын филиалының жұмыс салғырттығынан көреді. Аталмыш кәсіпорын өздерінің сайтында ақы алудың шарттарын егжей-тегжейлі жазып, соның ішінде тіпті апат болғанда жол жиегіндегі мүліктеріне зақым келген болса, қосымша ақы алуды ескерткенімен өздерінің басты міндеті – қысы-жазы жолдың тазалығын сақтауды көрсетуді «ұмытып» кетіпті. Жол апатының өзі негізінен жолды қар басып қалуы мен тұз себілмеген мұздақтың (көктайғақтың) кесірінен болып жатқан жоқ па? Есі-дертін ақы алу ғана тескендер оны көргілері келмейді екен…

 1

Осы мәселелерді А.Қоңыров бастаған Мәжіліс депутаттары Премьер-Министр Б.Сағынтаевқа білдіріп, ақылы жолдың тазалығын қамтамасыз ету керектігін ескертті. Премьер қолға алса бәлки, ақылы жолдың қауіпсіздігі арта түсер деген үміт бар.

С.ЕЛЕУ, сарапшы.

«Қамшы» сілтейді

qamshy.kz

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Яндекс.Метрика