Home » Атырау облыстық комитеті, Партия тынысы » Атырау облыстық комитеті баға өсімін талқылады

Атырау облыстық комитеті баға өсімін талқылады

29 қыркүйек күні ҚКХП Атырау облыстық комитетінде «Баға шарықтап барады. Әрі қарай қалай өмір сүреміз?» тақырыбында қоғамдық пікірталас өтті. Тауар бағасын кім реттейді және оны қалай ұстап тұруға болады? Осы тақырыпта пікір алмасу үшін отырысқа мемлекеттік органдардың және саяси партиялардың өкілдері, қоғам қайраткерлері мен белсенді азаматтық ұстанымы бар тұрғындар шақырылды.

22047876_1444270818990958_3984321520233933137_o

ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің ресми мәліметі бойынша 2017 жылдың сегіз айында азық-түлік тауарларының бағасы 3,6%-ға өскен, азық-түлік емес тауарлар – 4,2%, бұл үрдіс әлі де жалғасуда. ЖЖМ бағасы да өсіп жатыр, дизель отыны 9,3% қымбаттаған, баллондағы сұйытылған газ – 7,7%, бензин – 5,7%.

- Әрі қарай қалай өмір сүруге болады? Облыс бойынша мониторингпен кім айналысады? – деп пікірталас қатысушыларына сұрақ қойды Ерболат Дәулетқазиев.

Компартияның белсенді мүшесі Мұрат Ликаров, ең алдымен зейнеткерлер мен әлеуметтік жағынан аз қамтылған азаматтар зардап шегетінін атап өтті.

- Мысалы, мен түсінбеймін, бір дәрі-дәрмектің бағасы қаланың дәріханаларында неге әртүрлі? Мұны реттейтіндер бар ма?

Коммунист Николай Шильман бұл кездесуге дайындалу барысында интернеттен Атырау ЖЭС Қазақстандағы ең арзан жанармай қолданатыны туралы хабардар болғанын айтты. Сөйте тұра ЖЭС тұтынушыларға үш есе баға белгілейді.

- Түсінікті, олар монополистер, бірақ неге мемлекет немесе мемқорлар осы шығындардың бір бөлігін жабуға қаржы қарастырмайды? – деген ұсынысты ортаға салды адвокат.

Монополияға қарсы комитеттің бөлім жетекшісі Айгүл Нәбиева қазіргі кезде кәсіпкерлер 2016 жылдың төртінші тоқсанына арналған Үкіметпен бекітілген әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының төменгі шектік мәнін басшылыққа алып отырғанын хабарлады. Ал қазір 2017 жылдың үшінші тоқсаны.

- Қазіргі таңда Кәсіпкерлік кодексі жобасына өзгертулер енгізілуде: әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының шектік бағасын жергілікті атқарушы органдар бекітетін болады. Тізілімде тауардың 19 түрі бар, бұған дейін 33 болған,- деп ақпараттандырды маман.

А.Нәбиеваның айтуынша, монополияға қарсы комитет бағаны бақылау мақсатында рейдті тек шағым түскен жағдайда ғана  ұйымдастыруға құқылы.

Анжелика КИМ,

 «Прикаспийская коммуна» газеті

29.09.17 ж. №76 саны

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Яндекс.Метрика