Home » Атырау облыстық комитеті, Партия тынысы » Атырау облыстық комитетінде ҚКХП-ның жаңа мүшелеріне партбилеттер тапсырылды

Атырау облыстық комитетінде ҚКХП-ның жаңа мүшелеріне партбилеттер тапсырылды

26 қыркүйек күні ҚКХП Атырау облыстық комитетінде Қазақстан Коммунистік Халық партиясының жаңа мүшелеріне салтанатты түрде партиялық билеттер тапсырылды.

Атырау ОК бірінші хатшысы Е.Дәулетқазиев және партия ардагерлері жаңа партиялықтарды құттықтап, партияға кіру бұл – әр адамның жеке азаматтық ұстанымы, оның салмақты және ақылға салынған шешімі екендігін атап өтті.

ҚКХП Атырау ОК Бюросының шешімімен партиялық билеттер Ақжол Қабдоловқа, Ләззат Яхияға, Шыңғыс Мұқанғалиевқа және Дархан Кабисовқа табысталды. ҚКХП Атырау облыстық бөлімшесінің ұжымы, Бюро  және партияның Ардагерлер Кеңесінің мүшелері қатысушыларға шын жүректен коммунизм идеясын нығайту жолындағы  іске сәттілік тіледі.

ҚКХП Атырау ОК

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Яндекс.Метрика