Home » Атырау облыстық комитеті, Партия тынысы » Атырау облысының тұрғындарымен кездесу жалғасып жатыр

Атырау облысының тұрғындарымен кездесу жалғасып жатыр

16508465_1204795942901327_82559570063338303964_n2017 жылдың 8 ақпанында «Халық коммунистері» фракциясының депутаты, ҚР Парламенті Мәжілісінің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Жамбыл Ахметбеков депуттатық топпен Атырау облысының ең көне кәсіпорны «Эмбамұнайгаз» акционерлік қоғамында болды.

Кездесудің басты мақсаты жалпыхалықтық талқылауға салынған билік тармақтарының арасында өкілеттілікті қайта бөлу туралы заң жобасының нормаларын  және Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру болды. Сонымен қатар кездесу барысында аймақ тұрғындарының және мұнай саласы қызметкерлерінің  көкейінде жүрген сұрақтар да қарастырылды. Мұнай аймағының экологиялық ахуалы, табиғатты қорғау бағдарламаларының іске асырылуы, Орал өзені мен Каспий теңізінің мәселелері, сондай-ақ мұнайшылардың кәсіби білім алу мәселелері, зейнетақы қорында салымдарды сақтау,  «Ардагерлер туралы» заң жобасының өз күшіне енуі сияқты сұрақтар қарастырылды.

Кейін Жамбыл Ахметбеков ҚКХП Атырау облыстық бөлімшесінің активімен жүздесті. Кездесуге партияның облыстық Ардагерлер кеңесінің мүшелері, Гурьев ЛКСМ-ның бұрынғы жұмысшылары, партия белсенділері мен жастар қанатының мүшелері қатысты. Президенттің ұсынған конституциялық реформалары мен Қазақстан халқына Жолдауын талқылағаннан кейін, депутат партияның Орталық Комитеті мен «Халық коммунистері» фракциясының 2016 жылы атқарған жұмыстары мен 2017 жылға белгіленген жоспарлары туралы айтып берді.

Халық қалаулысы 2017 жылы Ұлы Қазан Социалистік төңкерісінің 100 жылдығын атап өтуі туралы ерекше атап өтті. Сондай-ақ депутат Атырау облысының аудандарындағы жұмыс сапарының қорытындысы туралы баяндап берді. – Осы жерде жиналғандардың барлығы – облыстың дамуы мен біздің партияның алдыңғы қатарлы саяси күш болуы үшін ерінбей еңбек етіп жүрген азаматтар. Партияның бұл үшін барлық мүмкіндіктері бар. Қазіргі Парламентте  біз өз позициямызды сайлаудан кейін де сақтап қалдық, – деді Жамбыл Аужанұлы.

Іс-шараның соңында партияның жаңа мүшелеріне партиялық билеттер табысталды.

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Яндекс.Метрика