Home » Ақмола облыстық комитеті, Партия тынысы » Аустриялық және ҚКХП Ақмола облыстық комитетінің қоғамдық қабылдауы

Аустриялық және ҚКХП Ақмола облыстық комитетінің қоғамдық қабылдауы

Осы жылдың 25 ақпан күні ҚКХП Ақмола облыстық комитетінің хатшылары мен белсенділері Зеренді ауданының Ақкөл ауылында көшпелі қоғамдық қабылдау өткізді.

Заңгерлер жұмысына клубта жақсы жағдай жасалынды, ал облыстық комитет мүшелері ауыл тұрғындарымен кездесуге шықты. Халық коммунистері тыл еңбеккері Қайырболат Абленовтың үйінде болып, соғыс жылдары мен қазіргі мәселелер жөнінде әңгіме-дүкен құрды.

Кейін коммунистер Петр және Анна Сауцтың шаңырағында болды. Отағасы өзін аустриялық репатриантпын деп таныстырды. Дастархан басында өмір туралы, Украина мен АҚШ және өзге де әлемдік мәселелер жайында әңгіме қозғалды. Үй иелері Қазақстан жері мен халқына тыныштық пен келісім үшін алғыстарын білдірді.

Облыстық комитет хатшысы Бейсенбай Мәжитов халық коммунистері атынан тыл еңбеккерлеріне азық-түлік жиынтығын сыйға тартты.

Ал бұл уақытта қоғамдық қабылдауға 9 адам келіп үлгерді. Тұрғындарды төмен зейнетақы мен жер үлесі мәселесі қатты алаңдататындығы белгілі болды. Барлық сұрақтар жазып алынды, кейбіреулеріне жауап бірден берілді. Халық коммунистері кездесуді ұйымдастырғандары үшін ауыл әкімдігіне өз алғыстарын білдірді.

Бірнеше күн бұрын көшпелі қоғамдық қабылдау Станционный ауылында болған еді. Ол жерде қабылдауға 7 адам келді. Олар тыл еңбеккерлеріне берілетін бір реттік төлем мен несиені қайта қаржыландыру формасы және электр қуатының тарифтері туралы сұрақтар қойды. Кәсіпкер К. Ізімованың өтінішін заңгер Облыстық кәсіпкерлер палатасына жеткізді, ал К.Канапинаға жер мәселесіне қатысты қажет құжаттарды жинауға кеңес берді.

Кездесу барысында ауыл әкімі Есей Байдалин да болды. Әкім қоғамдық қабылдаудың жұмысын жоғары бағалап, тағы да келуді сұрады.

ҚКХП Ақмола облыстық комитеті

26.02.2015 ж.

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Яндекс.Метрика