Home » Author Archive

АНАЛАРҒА КӨМЕКТЕСІҢІЗДЕР!

«Халық коммунистері» жалғызбасты аналардың құқығын қорғауда. Өткен сәрсенбі күні Парламент Мәжілісінде фракция жетекшісінің м.а. Айқын Қоңыровтың төрағалығымен «Халық коммунистері» фракциясының кеңейтілген отырысы өтті. Алименттерді төлеу – Қазақстандағы өзектің мәселелердің бірі. Іс-шара барысында депутат Магеррам Магеррамов  баяндаған статистикалық мәліметтерге сүйенсек, қазіргі таңда республикада 300 мыңнан астам бала «екінші ата-анасынан»... 

Депутаттық сауал

                 Қазақстан Республикасының          Премьер-Министрі          Б. Сағынтаев мырзаға  Құрметті Бақытжан Әбдірұлы! «Айналамыздағының бәрі жұмысшылардың алтын қолымен жасалған,  біз еңбек адамының даңқын арттыруымыз керек», – деген Елбасының сөздері әрқашанда өзекті болып қала береді. Әсіресе ол қазіргі уақытта халықтың азаматтық белсенділігінің артуы, қоғамда демократиялық үрдістердің тереңдеуі кезеңінде ерекше маңызға ие болып отыр. Бүгінгі... 

Депутаттық сауал

Қазақстан Республикасының  Премьер-министрі Б.Ә. Сағынтаевқа Құрметті Бақытжан Әбдірұлы! Қазақстан Республикасының Президенті өзінің халыққа Жолдауында кәсіпкерлік пен оны қайта реттеу үшін барлық шығын түрлерін жаппай төмендету мақсатын қойды.  Бұл салада шешуін таппаған сұрақтар әлі көп, дегенмен біраз шаруа да атқарылды.  Сонымен қатар Жолдауда адами капиталды дамыту мақсаты белгіленген. Бірақ мұнымен айналысатын негізгі салалар шектен тыс... 

«Астана-Щучинск» жолына шыққандар ақыны ажал құшу үшін төлей ме?

Біздің еліміздегі ақылы жол әзірге «Астана-Щучинск» бағытындағы автобан ғана. Шетелдіктер салған соң ба, обалы нешік, бұл жол жаз күндері әлі жақсы. Екі жаққа да кететін үш жолақ – бағасын білген адамға тамаша. Алайда осы жолмен қалай жүруді білмейтіндер көп. Оң жақтағы жол – жылдамдығы ақырынырақ автобус пен жүк машиналарына, ортаңғы жол жүйрік жеңіл машиналарға, сол жақтағы жолақ басып озатындарға арналып, үнемі бос болуы керек екенін білмейтіндер... 

Қазақстан соңғы 10 жылда кедейленіп барады

Парламент Мәжілісіндегі Халықтық Коммунистер партиясының фракциясы билікке қарсы көшеге шығуға, наразылықтар акциясын жасауға итермелемесе де ащы шындықтарды айтып, экономикалық жағдайымызға шыншыл сараптар жасап қояды. Осы фракцияның депутаты Айқын Қоңыров жуырда билік ақпараттарының жалғандығын айтып, бетін шиедей қылды. Атап айтқанда, ресми статистика 2007 жылдан бері күнкөріс минимумынан төмен тұратын қазақстандықтардың үлесі жылдан жылға... 

Барлық құрмет асыл жандарға

Көктем – шуақты мезгіл. Бұл мезгілдің шымылдығын ең жарқын және мейірімді мереке – Халықаралық әйелдер күні ашады. ҚКХП Астана қалалық комитеті көктем мерекесімен ең құрметті және аяулы жандар – соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін құттықтады. Жастық шақтарын еске алып, емін-жарқын әңгіме-дүкен құру үшін олар үшін кездесу ұйымдастырылды. Астаналық комитет атынан сыйлықтар табысталды. Бұл тұлғалардың еңбектері өлшеусіз, олар елімізге тыныштық... 

Біздің үміткер

1 наурыз күні ҚКХП Астана қалалық комитетінің хатшысы Нұрдәулет Оразхановқа Астана қаласы №20 сайлау учаскесі бойынша қалалық мәслихат депутаттығына үміткер куәлігін табыстады. Қалалық мәслихат депутаттығына үміткер Н. Оразхановтың сенімді өкілдері куәліктерін Қазақстан Коммунистік Халық партиясының белсенді мүшесі, «Шапағат» қайырымдылық жобасының қайраткері, кәсіпкер Дәурен Дүйсенбаев пен ҚКХП Астана қалалық комитетінің жауапты ұйымдастырушысы... 

Конституциялық реформа – жарқын болашаққа бастайды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына үндеу жариялағанына бір айдан астам уақыт өтті. Бүгінге дейін еліміздің басты құжатына енгізілуі тиіс ұсыныстар жан-жақты пысықталып, ой елегінен өткізілді. Бұдан былай Президенттің бірсыпыра құзіреті Үкімет пен Парламентке беріледі. Мұның сыртында жергілікті атқарушы билік өкілдерінің жауапкершілігі күшейеді. Мемлекет басшысы ұсынған «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгертулер... 

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

«Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының сұрақтары бойынша «Халық коммунистері» фракциясының кеңейтілген отырысы. 4 наурызда ҚКХП Астана қалалық комитетінде (Қабанбай батыр к. 14, 7- кеңсе) Мемлекет басшысының ұсынған «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бойынша «Халық коммунистері» фракциясының кеңейтілген отырысы өтеді. Мемлекеттік... 

Коммунистер халық арасында

24 ақпан күні ҚКХП Алматы қалалық комитеті «Қазақстан Коммунистік Халық партиясы туралы не білу қажет» атты акция өткізді. Акция барысында комитет белсенділері Алматының орталық көшелерінде Қазақстан Коммунистік Халық партиясы, оның құрылу тарихы баяндалған шамамен жүз шақты парақшалар мен буклеттер таратты. Алматылықтар, әсіресе жастар біздің акцияға үлкен қызығушылық танытты. «Сіздер коммунистерсіздер ғой, мен сіздерге дауыс бергем» деп жатты.... 

ҚКХП басымдықтарының бірі – жастардың патриоттық тәрбиесі.

Адам сапасы капиталын арттыру – ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында мемлекеттің дамуына бағытталған басымдықтардың бірі ретінде көрсетілген. Мемлекет басшысы оқу бағдарламаларын критикалық ойлау қабілетті және өздігінше ақпарат іздеу машығын дамытуға бағыттау қажет екендігін атап өтті. «Сонымен қатар ІТ білімі мен қаржы сауаттылығын қалыптастыруға,  жастарды ұлтжандылыққа тәрбиелеуге ерекше назар аудару қажет»,- деді Президент. Қазақстан...