Home » Ақмола облыстық комитеті » Қазақстан халқының тілдері күні

Қазақстан халқының тілдері күні

ҚКХП Ақмола облыстық комитеті Бұланды аудандық Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімімен бірлесіп, Қазақстан халқының тілдері күні мерекесін өткізді.

Шара шеңберінде мектептер мен мәдени-білім беру мекемелерінде

Қазақстанда тұрып жатқан түрлі ұлт өкілдерінің мәдениетінен, тарихынан, тұрмысынан сыр шертілді. Үздік шығармашылық ұжымдар 21 қыркүйек күні Бұланды ауданының орталығы Макинск қаласында өнер көрсетті.

Жеңімпаздарға Бұланды ауданы әкімі мен ҚКХП Ақмола облыстық комитетінің дипломдары мен грамоталары табыс етілді.

Шараның жоғары деңгейде өтуіне Антонина Облицева жетекшілік ететін ҚКХП Бұланды аудандық комитетінің ұжымы ерекше үлес қосты.

«Мен бұл мерекені ерекше қадірлеймін. Себебі еліміздегі тіл саясаты халықтардың бірлігі мен мәдениетіне тікелей байланысты. Тіл  – ұлтты біріктірудің негізгі құралы болып табылады. Халықтың бірлігі мен ынтымағы дербес мемлекеттің негізін құрайды», – деді ҚКХП Ақмола облыстық комитетінің бірінші хатшысы Бейсенбай Мажитов.  

ҚКХП Ақмола облыстық комитеті

22 қыркүйек 2015 ж.

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники