Home » Партия тынысы, Сараптама » ҚАЗАҚСТАН – ҮЛКЕН МАҚТАНЫШ!

ҚАЗАҚСТАН – ҮЛКЕН МАҚТАНЫШ!

article14782Тарих ғылымдарының докторы, А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ профессоры, ҚКХП хатшысы Дмитрий Легкий геосаясат, сыртқы көпвекторлы саясат және мемлекетіміздің бейбітшіл бастамалары туралы ой қозғайды.

Жуырда мен Қытай Коммунистік партиясы Орталық Комитеті халықаралық бөлімінің шақыртуымен Қытай Халық Республикасында болдым. Қатардағы қытайлық коммунистермен өткен алғашқы кездесуде мен Қазақстан Коммунистік Халық партия делегациясының жетекшісі ретінде сөз сөйледім. Сөзімді «Қазақстан! Назарбаев!» сөздерімен бастадым. Менің сөздерім құпиясөз ретінде айтылды. Кездесуде отырғандар қол шапалақтап, жақсы қабылдады. Демек, байланыс орнатылды. Қазақстан мен Назарбаев түсінігі бренд ретінде әлемде танымал екендігіне көзім жетті. Сондықтан мен мемлекеттің атын өзгертуге қарсымын, асығудың қажеті жоқ.

НЕЛІКТЕН БІЗ?

Посткеңестік кеңістікте бірнеше геосаяси шиеленістер орын алды. Мұны өткен ғасырдың 90-жылдарында сарапшылар болжаған болатын. Мен   Таулы Қарабақ, Приднестровье және Украинаны меңзеп отырмын. Шиеленістер бар, бірақ кім оларды шешеді? Олар түбегейлі шешілмесе де, тым болмаса қан төгісті тоқтату керек.  Бірден ойға ЕҚЫҰ келеді. Ұйым бар мүмкіндігінше тырысуда, мұны мен Украинада көрдім, бірақ әзірге нәтиже жоқ. Себебі келіссөздер үстеліне әр түрлі мемлекеттерді, қарсы тараптарды отырғызу қажет. Бұл үшін келіссөздерге қатысушылардың барлығының көңілінен шығатын ыңғайлы әрі қауіпсіз диалог алаңы қажет. Таулы Қарабақтағы қарсы тараптардың таңдауы ЕҚЫҰ төрағасы мемлекетінің бас қаласы Астанаға түсті. Кавказ халқы Түркияны немесе басқа да көрші мемлекетті емес, Астананы таңдады. Түркі тілдес мемлекет ретінде Әзірбайжан Қазақстанның астанасына басымдық жасады, армян жағы бұған қарсылық танытқан жоқ. Таңдау жасауда шешуші факторлардың бірі – біздің Президенттің тұлғасы болды. Таулы Қарабақтан нәтиже шықпады дегендер қателеседі деп ойлаймын. Ол жақта Сириядағы немесе басқа жерлердегідей күнде адамдарды өлтіріп жатқан жоқ. Келіссөздер басталды, бұл – өте ұзақ процесс. Келіссөздерге қатысушылар, Астана – бәтуаластыққа қол жеткізе алатын орын екендігін түсінді. Көптеген саясаттанушылар мен журналистер Минск келіссөздер үдерісі туралы сөз қозғағанда, оның түп негізі Астанада жатқандығын ұмытып кетеді. Ресей-Украина шиеленісінің алдын ала талқылаулары біздің елордада басталған. Қазақстан ЕҚЫҰ төрағасы және БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде шиеленісті бейбіт жолмен шешудің басында тұрды. Қазіргі таңда Қазақстан дипломаттарының сөзіне құлақ асып, пікірлерімен санасады.

ЕҚЫҰ, ЕКПА ЖӘНЕ БАСҚА ДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҰЙЫМДАР ТУРАЛЫ

Бұл ұйымдардың қызметіне қатысты менің жеке ойым бар. Оған себеп мына жағдай. ЕҚЫҰ 23 тамызды сталинизм және нацизм режимі құрбандарын еске алу күні деп жариялады, Украинада 9 мамыр күні азалы саз орындалып, Бандердің жылпостары Ковпактың партизандарына теңестіріледі. Мен мұндайды қабылдай алмаймын. Тарихты осылайша баяндау халықаралық ұйымдардың көңілінен шығып отыр. Бұған қатысты Қазақстан нық ұстанымға ие: бізде Ұлы Отан соғысы майданында бір біріне қарсы шыққан Қызыл Әскер мен «Түркістан легионын» бір қатарға қоймайды.

КӨПВЕКТОРЛЫҚ ТУРАЛЫ

Иә, бізде өтпелі кезеңге көпвекторлы сыртқы саясат қабылданды, бірақ ерте ме, кеш пе бізге басымдықтарды анықтау қажет болады. Президент және Үкімет біздің елдің байланыс орнатып, жұмыс жасайтын мемлекеттер мен елдер тобын анықтады.  Исламдық вектор? Қазақстан Ислам ынтымақтастық ұйымына кіреді, діни негіздегі шиеленістерді шешуде елеулі роль атқарады.  Біздің серіктестер қатарында Түркия мен Иран бола алады, бірақ бұл елдер көптеген сұрақтар бойынша, әсіресе діни мәселеде екі тарапта. Президент Назарбаев біздің діни мәселедегі бағыт-бағдарымызды айқындап берген. Біздің елде лаңкестік күрес әдісін ұстанатын діни бағыттарға ғана тыйым салынған. Мысалы, «Хизб ут-Тахрир» ұйымына бізде тыйым салынған, ал Англияда ол заңды түрде жұмыс жасайды. Мен  «Иегова куәгерлерінің» рухани лаңкестері де қоғам үшін қауіпті деп санаймын.  Мен жиырма жылдан бері оларға қарсы шара қолдануды сұрап келем. Біздің Президент үнемі айтып келеді, Қазақстандағы сенімнің екі қанаты бар, олар: мемлекеттің басым бөлігі ұстанатын ислам мен православие. Сондықтан елде екі мемлекеттік мереке аталады: Құрбан айт және Рождество. Менің ойымша, бұл Қазақстан Республикасының зайырлы ел екендігінің белгісі. Іс жүзінде бұл мынадай сипатқа ие: бірінші орында зайырлы мемлекет талабы, одан кейін халықаралық актілерді сақтау.

МҮДДЕЛЕР НАЗАРЫНДА

Қазақстанның сыртқы саясаты Азия мен Еуропа елдері арасында негіз болып қалыптасуда. Біздің геосаяси орналасуымызды ескерсек, Қытай мен Еуроодақ бізбен санасуға мәжбүр. «Жібек жолы», «Бір белдеу, бір жол» сияқты жобалар Қазақстанның қатысуынсыз іске аспайды. Бізге АҚШ достық ұсынады: Қазақстандағы американдық жаңа елшіні еске түсірсек, ол домбыраны қолға алып, қазақ тілін үйренуге уәде берді. Мен үшін олар бізді зерттеп жүргені анық.  Біздің елге көптеген сәулелер бағытталып отыр. Ал сәулелер бір нүктеде шоғырланса, тым ыстық болуы мүмкін. Мен мұндай жағдайды қаламаймын. Шетел барлаушылары мен әр түрлі мемдептер мүдделерінің назарында өмір сүру оңай емес. Мен біздің әскерилермен жақсы байланыстамын, жуырда ҚР қорғаныс министрінің грамотасына ие болдым. Біздің офицерлер – нағыз жігіттер. Олар НАТО-ның ережелері мен нормаларын біздің әскерге енгізуге асықпайды. Мен мұны қолдаймын!

ДОСТЫҚ – ФРОЙНДШАФТ

Біз НАТО-мен серіктестік қарым-қатынасты қолдаумен қатар Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымына кірудеміз,  бұл – біздің НАТО. Мені әскерилер біздің оқтұмсұқтар тиісті бағытқа бағытталғандығына сендірді. Серіктестер мен потенциалды қарсыластар белгілі, достық достықпен, бірақ кез келген жағдайға дайын болу шарт. Бізді НАТО-ға немесе Еуроодаққа қабылдамайтындығы түсінікті, себебі біз олардың бірден бір талабы: гейпарадтар мен бір жынысты некеге рұқсат беруді қабылдамайтындығымыз белгілі. Мұндай талап Молдоваға қойылған болатын. Тағы да бір мәрте айтатыным: мен ЕҚЫҰ, ЕКПА және Еуропа Кеңесі серіктестігінен қауіптенемін.

ТҮЙІН

Қазақстан өзінің бейбітшіл бастамаларымен, түркі тілдес мемлекеттерімен өзара тығыз ынтымақтастығымен,  Ислам ынтымақтастық ұйымындағы белсенділігімен танымал. Біздің елдің өз басымдықтары бар. Қазақстан бейбітшілік пен тұрақтылықтың символына, Президенттің мәртебесі арқасында бейбіт келіссөздердің сұхбат алаңына айналды. Қарапайым украиндық жұмысшылар: «Бізге Назарбаев сияқты президент бұйырса ғой» деп айтқанда, менің бойымды мақтаныш сезімі биледі.

Сергей ИСМАИЛОВ, фото автордікі

Қостанай-Агро. Аймақтық газет. 2017. – 7 қыркүйек.

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Яндекс.Метрика