Home » Ақмола облыстық комитеті » Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің жоғарғы Заңы

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің жоғарғы Заңы

Ақмола облысының халық коммунистері 26-тамыз күні Көкшетау қаласының Абай атындағы бас көшесінде қала тұрғындарымен кездесіп, ҚР Конституциясының мәтіні жазылған кітапшалар таратты. Сонымен қатар Ата Заңның мәні мен мазмұны туралы әңгіме-дүкен құрды.

Халық коммунистерінің басты мақсаты ҚР Конституциясының 20-жылдығы қарсаңында халыққа бұл құжаттың қажеттілігі мен маңыздылығын жеткізу болды. Конституция күнін тойлау өз жалғасын Көкшетау-2 ауылында табатын болады. Ол жерде халық коммунистері мәдениет қызметкерлерімен бірлесе отырып тарихи-танымдық сайыс өткізеді, ал жастар қанаты мерекелік концерт қоятын болады.

ҚКХП Ақмола облыстық комитеті

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники