Home » Партия тынысы, ҚКХП Орталық комитеті » Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі «Халық коммунистері» фракциясының Қазақстандағы жалғыз басты аналар мен алимент төлету проблемалары жөніндегі кеңейтілген отырысының қорытындысы бойынша ҰСЫНЫСТАРЫ

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі «Халық коммунистері» фракциясының Қазақстандағы жалғыз басты аналар мен алимент төлету проблемалары жөніндегі кеңейтілген отырысының қорытындысы бойынша ҰСЫНЫСТАРЫ

razmer-alimentov-na-matҚазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес (27-бап) ана, әке және бала, отбасы институты секілді мемлекеттің қорғауында болады. Қазақстанның адам құқығы саласындағы қол қойған ең бірінші халықаралық шарты да БҰҰ-ның бала құқығын қорғау туралы конвенциясы (1994 жылы) болатын, онда мемлекет баланының денесінің, ақыл-есінің, адамгершілігінің және оның әлеуметтік дамуын, оның қажетті деңгейдегі өмір сұру сапасын қамтамасыз етуге міндеттілігі, сондай-ақ баланың тамағының тоқтығы, оның бақуатты жағдайда өз мүмкіншіліктерін толықтай дамыта алуға құқығы нақтыланды.

Қоғамның қазіргі маңызды проблемаларының бірі толық емес отбасыда тәрбиеленіп жатқан, ата-аналарынан бөлек тұратын балаларды қамтамасыз ету болып табылады. Мемлекет те, қоғам да бұл проблемаға әлеуметтік қарым-қатынастағы басымдығы төмен мәселе деп қарамауы тиіс. Балаларға алименттерді өндіріп беру мүмкіндіктерінің болмауы бұл проблеманы одан әрі күрделендіре түсуде. Қазақстанда 300 мыңнан астам бала өздеріне тиесілі алиментті ала алмай отыр, балалардың осы төлемдер бойынша алажағы екі миллиардқа жуық теңгені құрап отыр, ал мүлде алимент төлемейтін алиментшілердің саны 30 мыңға таяу. Мұның бәрі құрғақ сандар ғана емес, мұның астарында қаншама баланың, әйелдер мен ер-азаматтардың тағдыры жатыр.

Өкінішке орай, ажырасқан немесе әйелі отбасынан кетіп қалған бала тәрбиелеуші жалғызбасты әкелердің – ер азаматтардың саны да арту үстінде. Сот органдарының, құқық қорғау құрылымдарының және жеке сот орындаушыларының жасаған іс-әрекеттеріне қарамастан балаларға алимент төлету өте күрделі күйінде қалып отыр. Қабылдаған шаралар жағдайды өзгерте алмай отыр.

Мемлекеттік органдар, баланың құқығы мен заңды мүдделеріне назар салуды күшейтіп, әсіресе ата-аналарының баласына төлейтін алименттер проблемасына назар салуын күшейтуі қажет деп есептейміз, соған байланысты ҰСЫНАМЫЗ:

 Қазақстан Республикасының Үкіметіне:

  1. Борышкерлерден кейін өндіріліп алынып, алимент бойынша төленбей отырған төлемдерді төлейтін арнайы мемлекеттік қор құру мәселесіне оралуды тағы да ұсынамыз. Бұл шара балаларға алимент төлетудің проблемасын шешудің нақты мүмкіндігі. Алимент қоры есебінен төлемдер төлеудің тәртібін Алимент қоры туралы заңда белгіленуі қажет. Алимент қорын құру Қазақстанның әлемнің дамыған 30 елінің қатарына енуі жөніндегі ниетіне сәйкес келер еді;
  2. Балаларға төленетін төлемдер мәселесін шешуге бағытталған басқа да шаралар ретінде, жұмыста жоқпын деген сылтаумен алимент төлеуден жалтарып жүрген немесе өзінің қаржылық табысын әдейі төмендетіп көрсететін адамдарды мәжбүрлі түрде жұмысқа тұрғызу жөніндегі тиісті заңнамалық норма енгізуді ұсынамыз;
  3. Отбасылар институтын, отбасылық құндылықтарды насихаттау, ажырасудың алдын алу мәселелерін реттейтін мемлекеттік органды белгілеу;
  4. Отбасылық-некелік мәселелерді шешу барысында, дауларды реттеуде, тараптарды татуластыруда Медиация институтын кеңінен қолдануды енгізу, ажырасу туралы мәселелерді тек ерекше жағдайларда ғана, сот тәртібімен қарау;
  5. Қолданыстағы борышкерлерді жауапкершілікке тарту тетіктерінің жұмыс істемеуіне байланысты, соттың алимент өндіру туралы шешімін орындамағаны үшін, жеке сот орындаушыларына құқық бұзушылықтар бойынша әкімшілік протоколдар толтыратын өкілеттік беру;
  6. Борышкерлердің ХҚКО орталықтары арқылы мемлекеттік қызметті пайдалануын шектеу.

ҚР Әділет министрлігіне ҚР Ішкі істер министрлігімен, ҚР Бас прокуратурасымен (келісім бойынша) және Республикалық жеке сот орындаушылары палатасымен бірлесе отырып:

  1. Алимент төлемей жүрген борышкерлерді іздеп табу, оларды жеткізу және балаларға төленетін алименттер жөніндегі сот шешімдерін орындау бөлігінде бірлесіп жұмыс істеуді күшейтуді ұсынамыз;
  2. Алимент төлемей жүрген борышкерлерді іздеп табу, оларды сотқа және сот орындаушыларына жеткізудің тиімділігін, соның ішінде әкімшілік жауапкершілікке тартуды қоса алғанда, заңнан туындайтын актілер деңгейіне көтеруді;
  3. Алиментті мүлде төлемейтіндерді заңдық деңгейде ата-аналық құқығынан айыру, оған қоса борышкерден баланы қамтамасыз ету үшін алимент төлеуден босатпауды.

ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігіне ҚР Бас прокуратурасымен (келісім бойынша), ҚР Әділет, Ішкі істер минстрліктерімен және Республикалық жеке сот орындаушылары палатасымен бірлесе отырып:

  1. Балаларға алимент төлемеген борышкерлерді жұмысқа орналастыру жөніндегі бірегей деректер базасымен бағдарлама жасау.

Білім және ғылым министрлігіне Ақпарат және коммуникациялар, Мәдениет және спорт министрліктерімен бірлесе отырып: кең көлемде және тұрақты түрде бүкіл Қазақстан халқына тән дәстүрлі отбасылық құндылықтарды нығайту жөніндегі, жасөспірім ер балалар мен қыздарға отбасын құру мәселелерінде жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу, отбасындағы әкенің өзіне лайықты орны және ананың рухани күші туралы, балаларға деген қамқорлық және ата-аналарына деген ізет-құрмет білдіру жөніндегі түсіндірме жұмыстарын жүргізіп ұдайы отыруді ұсынамыз. Осы шараның бәрі қазақстандық мемлекеттігімізді нығайтуға және «Мәңгілік ел» идеясын жүзеге асыруға жәрдемдесетін болады.

Астана қаласы

15.03.2017 жыл

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Яндекс.Метрика