Home » Партия тынысы, Сараптама, ҚКХП Орталық комитеті » Қазақстан соңғы 10 жылда кедейленіп барады

Қазақстан соңғы 10 жылда кедейленіп барады

КАОПарламент Мәжілісіндегі Халықтық Коммунистер партиясының фракциясы билікке қарсы көшеге шығуға, наразылықтар акциясын жасауға итермелемесе де ащы шындықтарды айтып, экономикалық жағдайымызға шыншыл сараптар жасап қояды. Осы фракцияның депутаты Айқын Қоңыров жуырда билік ақпараттарының жалғандығын айтып, бетін шиедей қылды. Атап айтқанда, ресми статистика 2007 жылдан бері күнкөріс минимумынан төмен тұратын қазақстандықтардың үлесі жылдан жылға төмендеп, 2,5 пайызға дейін азайғанын айтады. Бұған нанатын болсақ біздегі кедейлердің үлесі АҚШ пен Еуропаның үлесінен де азайып кетіпті. Тіпті, жақсы өмір сүріп жатыр екенбіз-ау… Алайда, дейді коммунист, қазақстандықтардың орташа еңбекақысы 2007 жылдан бері үнемі азаюда. Өткен, 2016 жылы ол 416 АҚШ долларына дейін құлдырап, Иран, Қытай, Мексика секілді халқы кедей тұратын дамушы мемлекеттерден де төмен түсіп кеткенін айтады. Жалпы халық осылай күйзеліп жатқанда кедейлердің саны ненің себебінен азаюы мүмкін? Бұлай болуы мүмкін емес, жалпы халықтың жағдайы құлдырап жатқанда кедейлердің саны ешқашан азаймайды. Ендеше ресми статистика да өтірік, оны қолданатын биліктің сөзі де өтірік болып шығады. Осы өрге бастырмайтын өтіріктің билікке не керегі бар, дей келіп, Айқын Қоңыров одан да халықтың жоғын толтыратын жолдар іздеу керек қой. Соның ішінде кедейшілік шегі күнкөріс минимумына теңестірілуі керек деген талап қойып, және оның стандартын жасауға көмек беруге де әзір екенін айтып, Премьер-Министрге сауал жолдады.

 С.ЕЛЕУ, сарапшы

«Қамшы» сілтейді

qamshy.kz

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники