Home » Батыс Қазақстан облыстық комитеті, Партия тынысы » БҚО коммунистері Ғашықтар күніне орай акция өткізді

БҚО коммунистері Ғашықтар күніне орай акция өткізді

Kozy-korpezҚазақстан жастары 15 сәуір күні  Ғашықтар күнін атап өтуді жақсы дәстүрге айналдырды.  Бұл күн Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу  күні деп те аталады. Екі ғашықтың махаббат оқиғасы, олардың кіршіксіз сезімдері қазіргі жастарға кеңінен таныс. Мерекенің жылдан жылға маңыздылығы да артып келеді.

15 сәуір күні Қазақстан Коммунистік Халық партиясының Батыс Қазақстан облыстық бөлімшесі Ғашықтар күніне арналған акция өткізді. Акция барысында коммунистер Орал қаласының нәзік жандыларына махаббат және отбасылық бақыт тілеп, түрлі-түсті шарлар табыстады. «Қазақстандық ғашықтар күні, мәңгілік махаббаттың символы – Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу біздің ұлттық брендімізге айналып, жастар мәдениетінде ойып тұрып орын аларына сенімім мол», – деді ҚКХП Батыс Қазақстан облыстық комитетінің бірінші хатшысы Сүйінғали Жарлығасымов.

ҚКХП БҚОБ Баспасөз қызметі

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Яндекс.Метрика