Home » Батыс Қазақстан облыстық комитеті, Партия тынысы » БҚО коммунистері Президенттің бағдарламалық мақаласын талқылады

БҚО коммунистері Президенттің бағдарламалық мақаласын талқылады

20 сәуір күні ҚКХП Батыс Қазақстан облыстық комитетінің кеңсесінде  «Қазақстан – қазақ даласының мәдени мұрасы» тақырыбында қоғамдық пікірталас өтті. Іс-шараға БҚО халық коммунистерінің активі, үкіметтік емес ұйымдар мен БАҚ өкілдері қатысты.

1

Алғашқы болып ҚКХП БҚОБ-ның бірінші хатшысы Сүйінғали Жарлығасымов сөз сөйледі: «Қазақ халқы – әлемдік өркениеттің қазынасына айналған көпғасырлық тарихы мен мәдени мұрасы бар ел. Қазақстан ескерткіштердің саны мен әр алуандылығы жағынан Индия, Қытай, Жерорта теңізі мемлекеттері  мен Таяу Шығыс елдерінен кем түспейді. Біздің ел – ашық аспан астындағы мұражай. Қазақстанның мәдени мұрасы ел аумағында қоныстанған халықтардың мәдени құндылықтарының әр алуандылығын өзіне қабылдай білген. Бұл – 25 мыңнан астам жылжымайтын тарихи, археологиялық, сәулет пен монументті өнер ескерткіштері,  89 мемлекеттік музейлердің қоры мен экспозияциясында орналасқан 2 млн. 56 мыңнан астам мәдени құндылықтар, 3495 мемлекеттік кітапханаларда сақталған 66 млн. 840 мың том кітаптар, сирек қолжазбалар мен басылымдар. Атам заманнан бері қазақ жері бүкіл еуразиялық кеңістіктің мәдени бесігі болған».

Облыстық комитеттің үшінші хатшысы Ниязбек Есенәлиев баяндама жасады: «Алдағы уақытта қазақ жазбасына енгізілетін реформа қоғамда үлкен пікірталас тудырды. Латын әліпбиіне көшу – бұрыннан қойылған мақсат. Бұған мемлекет мақсатты түрде және кезеңмен келді. Президент  латын әліпбиіне көшу туралы алғаш рет сонау 2006 жылы айтқан болатын. Бұл туралы  еліміздің этникааралық келісімнің басты органы мен институты болып табылатын Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясында айтылды. Кейін 2012 жылы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің жолдауында осы тақырыпты көтеріп, реформаның өз мәресіне жетуін 2025 жылға белгілеген. 2012 жылғы Жолдауда Елбасы мемлекет дамуының ұзақ мерзімді стратегиялық мақсаттарын айқындаған «Қазақстан-2050» стратегиясын қалыптастырды.

Тіл графикасының реформасын қазақ тілінің жаңғыруы жағынан ғана қарастыру қажет. Бұл тек қана графикаға қатысты екенін атап өткім келеді. Біз басқа тілге ауыспаймыз, тек қана графиканы жаңғыртамыз.  Әзірбайжан, Түркменстан, Өзбекстан сияқты барлық түркі тілдес мемлекеттер латын әліпбиіне баяғыда ауысқан. Латын графикасына көшу бұл мемлекеттердің сыртқы саяси бағыттарына ықпал етті ма? Латын әліпбиіне көшуге қатысты мәселеге сезімге берілмей, парасатпен пайымдасақ, бұл тілдің  тек қана функционалдылығы мен тиімділігі мәселесі екені айдан анық. Қазіргі таңда барлық тілдер жаңа жаһандық үдерістерден  қысым көруде. Сондықтан Қазақстанда латын әліпбиіне көшу білім саласындағы басқа да реформалармен өзара байланысты және өзара шартты нәрсе. Бұл заманауи  жаһандану жағдайында ұлттың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған ауқымды  ұлттық білім беру жобасының бір бөлігі».

Пікірталасқа басқа да қатысушылар белсене қатысты.  Басқосу соңында қатысушылар Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында айтылған латын әліпбиіне көшу және рухани жаңғыру идеясына қолдау көрсететіндіктерін жеткізді.

ҚКХП БҚОБ Баспасөз қызметі

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Яндекс.Метрика