Home » Партия тынысы » Байсалды басылым

Байсалды басылым

Биыл Қазақстан коммунистері мен «Халық коммунистері» фракциясының айнасы саналатын «Коммунист Казахстана» басылымының жарық көріп келе жатқанына 13 жыл болды.

ERA_8904

Әу бастан оған саяси теңдік пен әлеуметтік әділдіктің және халық билігінің жаршысы болу міндеті жүктелді. Содан болар ол бірден байсалды басылымға айналды. Саяси-қоғамдық, әлеуметтік-экономикалық тақырыптарды талдап жазуды темірқазық тұтқан басылым билік пен халық арасына алтын көпір болып,«Халық коммунистері» фракциясы депутаттарының  дауысын жоғары жаққа жеткізіп отырды. Ол осыған дейін ұйымдастырылған барлық саяси сайыстарда коммунистердің мүддесі мен мұратын айқындап, мақсаты мен міндетін жан-жақты насихаттай білді.

«Коммунист Казахстана» халықтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтауда да алдына қара салдырмады. Осының нәтижесінде ол қарапайым халықтың асыға күтіп, сүйсініп оқитын басылымына айналды.

Заман талабы мен оқырман сұранысына сай болу үшін бұған дейін газет түрінде басылған басылым ҚР ақпарат және коммуникациялар министрлігінде қайта тіркеліп, былтырдан бері түрлі-түсті журнал болып  шыға бастады.

Басылымының сапасын жаңа сатыға көтеру үшін оның құрамында да кадрлық өзгерістер орын алды. Журналда қарапайым коммунистер мен «Халық коммунистері» фракциясының тыныс-тіршілігін кеңінен қаузап жазатын жаңа айдарлар ашылды. Басылым бетінде саяси-экономикалық сараптамалар, депутаттық сауалдар жарияланып, тұрақты түрде  әлеуметтік мәселелер қаузалатын болды. Сүбелі сұхбаттар мен пайымды пікірлерге де орын ұсынылды.

Журнал саясат, спорт, өнер, ғылым, білім, кино салаларында толағай табыстарға жетіп жүрген жас коммунистерді табуға және таныстыруға басымдық берді. Авторлардың аясын кеңейтіп, басылымның безендірілуіне ерекше назар аударды.

Осының барлығы оқырмандардың  көңілінен шығып жатқандығының белгісі болар, журналға хат жолдап, телефон арқылы хабарласатын жанашыр жандардың қарасы көбейді.

«Коммунист Казахстана» журналы «Шапағат» халықтық жобасы мен ҚКХП Қоғамдық қабылдауының тыныс-тіршілігін және партияның аймақтардағы филиалдарының жұмысын бір сәт те назардан тыс қалдырған емес. Бұл бағыттағы ізденіс алдағы уақытта да жалғасын таба береді.

Күні бүгінге дейін оқырман «Коммунист Казахстана» басылымымен 436 рет қауышқан екен. Біз осыған дейінгі қауышулардың бірнеше еселенгенін қалаймыз.

Барлық коммунистерге бір мүшел тарихы бар басылымның журнал болып жарық көрген бір жылдық белесі құтты болсын дей отырып, басылым сапалы мақала мен ойлы оқырманнан кенде болмасын деген тілегімізді жеткіземіз.

Қанат МАХАМБЕТ

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Яндекс.Метрика