Home » "Шапағат" Халықтық жобасы, Партия тынысы » Балаларға базарлық

Балаларға базарлық

1ҚКХП Астана қалалық комитетінің коммунистері Мүгедектер күні қарсаңында жүзге жуық мүмкіндігі шектеулі бүлдіршіндерге сыйлық сыйлады.

Алдын ала ойластырылғандай, сыйлықтардың барлығы атаулы болды. Түрлі тәттілер мен ойыншықтар салынған сөмкемен бірге  әр балаға өздерінің есімдері жазылған тостағандар ұсынылды.

«Бүгін біз Сіздерді еліміздің ертеңіне, балаларымызға өзіміздің ілтипатымызды білдіріп, мейірімімізді төгейік, сүйіспеншілігіміз бен махаббатымызды көрсетейік деген ниетпен жинап отырмыз. Әр бала бақытты болуға лайық. Балаға қуаныш сыйлау ересектердің міндеті. Осы тұрғыдан алғанда Қазақстан Коммунистік Халық партиясының Астана қалалық комитеті игі іске ұйытқы болуды қоғам алдындағы жауапкершілік әрі міндет деп білді. Сәйкесінше, осыдан бірнеше ай бұрын басталған «Шапағат» халықтық жобасымен бірлесіп, балаларға базарлық жасағанымыз дұрыс деп шештік»,  – деді ҚКХП Астана қалалық комитетінің хатшысы Нұрдәулет Оразханов.

Бұл ҚКХП-ның  балаларға  ұйымдастырып отырған алғашқы шарасы емес. Бұған дейін талай жоба жүзеге асырылған. Солардың ішінде «Шапағат» халықтық жобасының жөні бөлек.

Осы турасында жоба жетекшісі Клавдия Дранко: «Шапағат» халықтық жобасы әлеуметтің  әлсіз тобына оның ішінде жалғызбасты, көпбалалы аналарға, жетімдер мен мүмкіндігі шектеулі балаларға қолдау көрсетуді көздейді. Біз еріктілермен жұмыс істейміз. Олар бізге мүмкіндігінше көмек көрсетеді.

Жобаны жүзеге асырушылар адамдарға қажетті киім-кешек пен тұрмыстық заттарды, жиһаз бен мектепке қажетті жабдықтарды тегін үлестіреді», – деді

Абылай БЕЙБАРЫС

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники