Home » Оңтүстік Қазақстан облыстық комитеті, Партия тынысы » Балалар және Жол-көлік оқиғалары

Балалар және Жол-көлік оқиғалары

OLYMPUS DIGITAL CAMERA2017 жылдың 8 ақпанында ҚКХП Оңтүстік Қазақстан облыстық комитеті «Балалар және Жол-көлік оқиғлаары (ЖКО). Себептер. Алдын алу шаралары» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстел жұмысына облыстық білім беру басқармасы мен қалалық бөлімнің, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының, облыстық денсаулық сақтау басқармасының, қалалық ардагерлер кеңесінің, «Ауыл», «Ақ жол» партия бөлімшелерінің өкілдері мен қоғам белсенділері, БАҚ қатысты.

Статистикалық талдауға сүйенсек, Қазақстанда 2016 жылдың басынан жол апатында 37 кәмелет жасқа толмағандар қайтыс болған, мыңнан астамы әртүрлі дәрежедегі ауыр жарақат алған. 90 пайыздан астам ЖКО-ға жүргізуші кінәлі болады. Зардап шеккен балалардың 40 пайыздан астамы автокөлікте жолаушы ретінде отырған: балалардың қатысуымен орын алған 402 ЖКО тіркелген, онда 16 бала көз жұмған және 448-і жарақат алған.

Көп жағдайда ата-аналар балаларды автокөлікте тасымалдау барысында қауіпсіздік ережелерін сақтамайды. Ата-аналар қауіпсіздік белдігін балаларға тақпайды, көлікте бала барына қарамастан жол жүру тәртібін бұзады.

Автокөліктің соқтығысуы мен аударылуы сияқты жол-көлік оқиғалары ең ауыр  зардапқа әкеледі. 2016 жылы 11 бала-жолаушы автокөліктердің соқтығысуынан, 5-і – автокөліктің аударылуынан көз жұмды. ЖКО-да қаза болған 16 баланың 13-і 7 жасқа дейінгі балалар, оның ішінде үшеуі бір жасқа дейінгі нәрестелер.

Сонымен қатар Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша балаларды ұстап тұратын құрылғыларды пайдалану нәрестелер өлімін 71 пайызға, ал үлкен жастағы балалардың өлімін 64 пайызға азайтады. Көп ата-ана баланы қолда ұстап қала аламыз деп ойлайды. Алайда, соқтығысу кезінде, күрт тежеу барысында немесе 50 км/сағ жылдамдықпен соққы алу кезінде жолаушының салмағы 30 есеге арта түседі.   Бала салмағы шамамен 10 кг болса, соқтығысу кезінде ол 300 кг жетеді. Сондықтан оны қолда ұстап қалу мүмкін болмайды. Сол себептен баланы автокөлікте қолда ұстап отыру қауіпті.

Облыстық прокуратура жол-көлік оқиғаларының себептеріне талдау жасады. ЖКО-ның басым көпшілігі жылдамдық режимін сақтамағандықтан орын алған. Қарсы бетке шығу адам өмірі үшін ең қауіпті жол жүру ережелерін бұзу болып табылады. Жол-көлік оқиғаларының арту себептері де анықталған. Оның ішінде: жергілікті атқарушы орган тарапынан жол қозғалысын нашар ұйымдастыру; ішкі істер органдары мен көлік бақылау инспекциясы тарапынан тиісті мемлекеттік бақылаудың болмауы; жол қозғалысы  қатысушыларының мәдениетінің төмендігі сияқты фактілер бар.

Дегенмен атқарушы билік прокуратураның ұсыныстарына құлақ асып, тиісті шаралар қолданады. Мысалы, тексерістердің нәтижесі бойынша облыста және Шымкент қаласында жолаушы тасымалдау бойынша 22 келісім шарт бұзылған, тәртіптік жауапкершілікке 32 қызметтік тұлға тартылған, әкімшілік істер бойынша 162 заңсыз қаулы өзгертіліп  жойылған, үш материал бойынша сотқа дейінгі тексеріс жүргізіліп жатыр. Рейдтік іс-шаралар ұйымдастыру кезінде төрт мыңнан астам әкімшілік құқықбұзушылық фактілері анықталған.

Соңғы екі жылдың статистикасына сүйенсек, республика көлемінде Оңтүстік Қазақстан облысы кәмелетке толмағандардың өлімі бойынша жоғары көрсеткішке  ие. 2015 жылдың жарты жылында республика бойынша 100 кәмелетке толмаған бала көз жұмса, оның 30-ы Оңтүстік Қазақстан облысынан.

Зардап шегу бойынша кәмелетке толмағандардың стастикасы мынадай:

  • 6 жасқа дейін – зардап шеккендер 127 (378) бала, оның 12 (25) қайтыс болғандар;
  • 7 жастан 13 жасқа дейін – 154 (464) бала, оның ішінде 13 (23) қайтыс болғандар;
  • 14 жастан 17 жасқа дейін – 86 (251) бала, оның ішінде 5 (5) қайтыс болғандар.

Дөңгелек үстелге қатысушылар талқылауды қорытындылай келе резолюция қабылдады.

  • Балалар арасындағы ЖКО алдын алу мәселелерін мемлекеттік, құқық қорғау органдары мен қоғамдық ұйымдар, партиялардың бақылауында ұстау қажет;
  • Автокөлік жүргізушілеріне балаларға арналған креслоның болуын талап ету;
  • Көлік жүргізу курстарында жүргізушілердің дайындығы мен жүргізу куәлігін алу бойынша бақылауды күшейту қажет;
  • Оқушыларға жол жүру ережелерін тәжірибелік сабақтармен оқытудың өзектілігін арттыру;
  • Ішкі істер және МАИ органдары халықаралық және республикалық маңызы бар тас жолдардағы бақылауды күшейтуі тиіс;
  • Ішкі істер органдарымен бірлесе отырып әкімдіктерге кешкі және түнгі уақыттардағы жол апаттарының алдын алу үшін автотрассаларды тиісті деңгейде жарықтандыру қажет.
  • ІІО үшін төмендегі баптар бойынша құқықбұзушылық кезінде нөлдік төзімділік ұстанымын қатаң сақтау қажет: «Көлiк құралын басқару кезiнде жүргiзушiнiң телефонды не радиостанцияны пайдалануы» бойынша ҚР ӘҚК 591 бабы; «Жаяу жүргiншiлердің немесе жол жүрiсiнiң өзге де қатысушыларының жүруiне басымдық бермеу» бойынша ҚР ӘҚК 600 бабы; «Маршруттық көлiк құралдарын тоқтату, тұрғын аймақтарда жүру, жолаушыларды және жүктердiтасымалдау қағидаларын сақтамау және жол жүрiсiнiң қағидаларын басқа да өрескел бұзуы» бойынша ҚР ӘҚК 593 бабы; «Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң белгiленген жүру жылдамдығын арттыруы» бойынша ҚР ӘҚК 592 бабы; «Жаяу жүргiншiлердiң және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларын бұзуы» бойынша 615 бап.
  • Шымкент қаласында мектептер орналасқан Мангелдин көшесі мен Темірлан тас жолындағы автобус аялдамаларының мәселесін шешу қажет;
  • Компьютерлік сыныптары мен көлік жүргізу полигоны жоқ автомектептерді лицензияларынан айыру қажет;
  • Мамедов-Диваев, Мамедов-Дулати көшелерінің қиылыстарында бағдаршам орнату, 96 бағытқа автобус жүргізу;
  • Шымкент қаласында автокөлік көп жүретін мектептердің маңында жерасты немесе жерүсті өтпе жолын салу;
  • Балалардың қатысуымен болатын ЖКО-ның алдын алу үшін жүйелі түрде әлеуметтік видеороликтер көрсету қажет;

ҚКХП ОҚ ОК

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники