Home » Астана қалалық комитеті, Партия тынысы » БАР ҚУАНЫШ – БАЛАЛАРҒА

БАР ҚУАНЫШ – БАЛАЛАРҒА

Халықаралық балаларды қорғау күні Астана қалалық комитетінің белсендісі Дәурен Дүйсенбаевтың қаржылай көмегімен «Шапағат» халықтық жобасының аясында әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылардың балаларына ойыншықтар мен тәттілер, жеміс-жидектер тарту етілді.

астана44

Д.Дүйсенбаев өзінің іс-әрекетін былайша түсіндірді: «Мен барлық ата-аналарға балаларыңыздың жүзінен күлкі кетпесін деп тілеймін. Бүгінгі бүлдіршіндер, біздің ертеңгі болашағымыз. Сондықтан мен бүгінгі күнімді осы іс-шараны өткізуге арнап отырмын».

ҚКХП Астана ҚК қолдауымен «Spina Bifida» Қоғамдық бірлестігі мен «Особые праздники» қайырымдылық іс-шаралар ұйымдастыру бойынша қоғамдық қоры Ресей ғылым және мәдениет орталығында жұлын және бас миында зақымы бар балалардың фотокөрмесін ұйымдастырды.  «Күш қолдау мен бірлікте» деп аталған көрмеде балалар танымал әншілерге пародия жасап, би билеп, өздерін шынайы өнерпаз сезінуге мүмкіндік алды.

Астана ҚК бірінші хатшысы Марат Әубәкіров өзінің құттықтау сөзінде, ұйымдастырушыларға жетістіктер тілеп, алғысын білдірді. Сондай-ақ, ол партия мен қалалық комитет бірлесе жұмыс істеуге, шешуін таппай жүрген мәселелерге жәрдемдесуге дайын екендігін айтты.  Бүлдіршіндерді құттықтауға мерекелік іс-шараға депутат Тұрғын Сыздықов та келді.  Халық қалаулысы Қазақстан Коммунистік Халық партиясы  халықтың әлеуметтік жағынан осал тобына әрқашанда қол ұшын беруге дайын екендігін жеткізді.

ҚКХП Астана қалалық комитеті

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Яндекс.Метрика