Home » Астана қалалық комитеті, Партия тынысы, ҚКХП Орталық комитеті » БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

«Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының сұрақтары бойынша «Халық коммунистері» фракциясының кеңейтілген отырысы.

22

4 наурызда ҚКХП Астана қалалық комитетінде (Қабанбай батыр к. 14, 7- кеңсе) Мемлекет басшысының ұсынған «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бойынша «Халық коммунистері» фракциясының кеңейтілген отырысы өтеді.

Мемлекеттік тәуелсіздікке қол жеткізгеннен бергі  25 жыл ел үшін өркендеу кезеңі саналды. Осы уақыт аралығында қалыптасқан жаңа қоғамдық қатынас жоғары билік органдарын қайта құру қажеттігіне себепші болды. Өмір шындығы Конституциялық реформаның маңыздылығы мен өзектілігін көрсетті. Сол себептен президенттік өкілеттіліктің жартысы Үкімет пен Парламентке беріледі. Мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру бойынша жергілікті атқарушы биліктің де жауапкершілігі арта түспек.

Ел тағдырына қатысты мәселе Елбасының халыққа үндеу жариялауы арқылы оң шешіле бастағаны ерекше назарға алынуы тиіс. Елбасының мәселені жалпыхалықтың талқылауға ұсынуымен қос палаталы Парламент сынды заң шығарушы институт арқылы шешуі дұрыс таңдалған жол болды.

Осы арқылы Мемлекет басшысы ел азаматтарының құқығын қорғап, олардың мүддесін жоғары қойды. Президент іс жүзінде өзін Конституцияның кепілі екенін растады.

Ақпарат алу үшін: 8-7172-76-85-658-701-461-78-58

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Яндекс.Метрика