Home » Ақмола облыстық комитеті, Партия тынысы » Бірінші орында – Халық мүддесі

Бірінші орында – Халық мүддесі

ҚКХП Орталық Комитетінің хатшысы, Парламенттің төменгі палатасының депутаты Айқын Қоңыров жұмыс сапарымен Ақмола облысында жүр.

Депутат-коммунист сапар барысында «Көкше» АҚ кәсіпорнында болды. Кәсіпорын басшылығы Парламент депутатының ерекше назарына таң қалды. Бас директор Б.Сембековпен әңгімелесу барысында депутаттың негізгі мақсаты белгілі болды. Депутатқа «Көкше» АҚ тапсырыс үшін толық есептеспегендіктен жалақыларын ала алмай жүрген Астана қаласындағы бір кәсіпорынның жұмысшылары өтініш білдірген. Әңгіме барысында Айқын Қоңыров зауыт басшысына коммунистер үшін жұмысшы халықтың мүддесі бірінші орында екендігін атап көрсетті. Бас директордың бірінші орынбасары осы айдың соңына дейін кәсіпорын қарызын толық өтейтіндігіне уәде берді. Акционерлік қоғамның басшылығы 2016 жылды қалай қорытындылағынан айтып берді. 1 млрд. теңгеге өнім өндірілген, орташа жалақы 100 мың теңгені құрайды және жалақы бойынша қарыз жоқтығын айтты. Ұжымда 200 астам адам еңбек етеді және тапсырыс көлеміне байланысты жұмысшылар саны артуда.

Халық қалаулысына заманауи өндірістік станоктармен жабдықталған, бағдарламамен басқарылатын өндіріс цехтары таныстырылды. Цех басшысы депутатты кез келген конструкцияны жинай алатындықтарына сендірді. Тек ауқымды тапсырыстар қажет, ал сапасына ешкім мін тақпайтынын айтты. Лазерлік кескіште жасалынған металл шыршаны көрсетті. Айқын Қоңыров ұжымға сәттілік тілеп, туған қаласында кәсіпорынның жанданып жатқанына ризашылығын білдірді.

ҚКХП Ақмола ОК

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Яндекс.Метрика