Home » "Шапағат" Халықтық жобасы, Батыс Қазақстан облыстық комитеті, Партия тынысы » Біз – бір отбасымыз

Біз – бір отбасымыз

20170131_113139Орал қаласында Қазақстан Коммунистік Халық партиясының жалпы республикалық бастамасының аясында «Шапағат» қайырымдылық жобасы іске қосылды.  Жобаның басты мақсаты халықтың әлеуметтік жағынан осал тобына (көпбалалы отбасылар, жалғызбасты аналар, мүмкіндіктері шектеулі жандар) қолдау көрсету болып табылады.

ҚКХП Батыс Қазақстан облыстық комитетінің активі мұқтаж адамдарға таратылатын киім мен заттарды жинау бойынша ауқымды жұмыс атқарды.

Жоба жұмысы туралы Батыс Қазақстан облыстық комитетінің бірінші хатшысы Сүйінғали Жарлығасымов былай деді: «ҚКХП әркез әлеуметтік әділдіктің партиясы болған және де бола береді. «Шапағат» жобасын іске асыру барысында біз қоғамда әлеуметтік тепе-теңдікті сақтауға бар күшімізді саламыз. Мұқтаж адамдарға қол ұшын беру бұл – әрқайсымыздың борышымыз. Біз барлығымыз бір елдің азаматтарымыз, бір отбасымыз, сондықтан бір-бірімізге қолдау көрсетуіміз қажет. Бұл – ортақ іс».

20170201_112703

ҚКХП БҚОБ Баспасөз қызметі

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники