Home » Ақмола облыстық комитеті

ТҰРҒЫН СЫЗДЫҚОВ САЙЛАУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

10 шілде күні ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Тұрғын Сыздықов Ақмола облысындағы сайлаушылармен кездесулерін бастады. Коммунист Т.Сыздықов мемлекеттік бағдарлама аясында Қазақстанның оңтүстік аймақтарының азаматтарын солтүстік аймақтарға қоныстандыру мәселесіне қызығушылық танытты. Осыған орай  халық қалаулысы алғашқы кездесулерін Облыстық көші-қон полиция басқармасында, Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау және Статистика басқармаларында... 

Коммунистерге алғыс білдірді

Көкшетаулық тоғыз жасар Әлішердің анасы Наурызгүл Тұрсынова коммунистерге жағымды жаңалығын жеткізіп, қуанышымен бөлісті. Оның айтуынша, ұлына жасалған ота ойдағыдай өткен. Әлішер ұзақ ауырды. Баласының дертіне дауа іздеген Наурызгүл ҚКХП-ның Көкшетау қаласындағы қоғамдық қабылдауына келіп, көмек сұрады. Ізінше іске Парламент Мәжілісінің депутаты Тұрғын Сыздықов араласып, Әлішердің тегін ем қабылдауына ықпал жасады. Нәтижесінде оған балаларға... 

Коммунистер журналистерді құттықтады

Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күні қарсаңында ҚКХП Ақмола облыстық комитетінің кеңсесінде БАҚ өкілдерімен кездесу өтті. Облыстық комитет хатшылары журналистерді кәсіби мерекелерімен құттықтап, алғыс хаттар мен арнайы кәдесыйлар табыстады. Кездесу барысында «Акмолинская правда» газетінің тілшісі Н.И. Митчинованың жұмысы ерекше аталып өтті. Сонымен қатар «Степной маяк», «Арқа ажары» және «Любимый город» газетінің редакцияларына журналистердің... 

Балалар мерекесі

Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Ақмола облыстық комитеті Халықаралық балаларды қорғау күні Садовое кентінің балаларына театрландырылған көрініс ұйымдастырды. Мектеп қабырғасында өткен іс-шараға жүзден астам адам қатысты. Сонымен қатар балаларға спорт және интеллектуалды  жарыстар мен би өткізілді. Коммунистер қатысушыларға спорттық заттар табыстады. Көкшетау қаласында да әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылардан шыққан бүлдіршіндерге... 

Көкшетауда лениндік сенбілік өтті

22 сәуір – Ресейдегі 1917 жылғы Қазан революциясының басты ұйымдастырушыларының және жетекшілерінің бірі В.И. Лениннің туған күні қарсаңында көкшетаулық коммунистер Аспаптар жасайтын зауыттың саябағында сенбілік өткізді. Саябақ аумағында КСРО-ның негізін қалаушы, Қазақстанның мемлекеттілігі туралы алғашқы құжатқа қол қойған дүниежізілік пролетариат көсемінің ескерткіші тұр. Жас көкшетаулықтар үлкен ықыласпен сенбілікке қатысып, Лениннің ескерткіші... 

Көкшетау ғашықтар мерекесін атап өтті

Қозы Көрпеш-Баян Сұлу ғашықтар күні қарсаңында ҚКХП Ақмола облыстық комитеті Көкшетау қ. заң колледжімен бірлесе отырып махаббат тақырыбына арналған іс-шара өткізді. Ғашықтар күні елімізде 2011 жылдың 15 сәуірінен бастап тойланып келеді.  Мерекеге дайындалу барысында студенттер қазақтың халық аңыздарының желісімен шағын пьесалар қойып, өз ілтипаттарын білдірді. Мереке қазақтың дәстүріне сай шашумен басталды. Көрермендер назарына «Қозы Көрпеш-Баян... 

ҮЗДІКТЕР МАРАПАТТАЛДЫ

ҚКХП Ақмола облыстық комитеті «1917 жылғы патшалық Ресейдегі оқиғалардың тұлғалары және бүгінгі Қазақстан» тақырыбында облыстық эссе жарысының қорытындысын жариялады. Сайысқа 100-ден астам оқушылар мен студенттер қатысты.  ҚКХП облыстық комитетінің хатшылары жарыстың лауреаты Көкшетау қаласы №1 ҚТК-нің студенті Александр Бирюковқа диплом, ал ұстаздарына сертификат табыстады. ҚКХП аудандық комитеттерінің хатшылары аймақтарда сайыс қатысушыларымен... 

Коммунистерді жолдардың жағдайы алаңдатады

Халықаралық экономикалық форумның  сарапшылары Қазақстанның тас жолдары жетекші  стандарттарға сай емес деп мәлімдеді. 2016 жылы осы мақсатқа 329,8 млрд. теңге бөлу жоспарланған болатын. Алайда жол құрылысы мен жөндеу жұмыстарына бөлінетін қаражат ақталмай отыр. Ақмола облысы мен Көкшетау қаласы жолдарының сапасы «Қымбат жолдар» атты дөңгелек үстелде талқыланды. Іс-шараны Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Ақмола облыстық комитеті ұйымдастырды. Іс-шара... 

Еңбек және туған өлкенің тарихын білу – ұлтжандылыққа бастар жол

Халық коммунистері Президенттің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауының шеңберінде Ақмола облысының ұстаздарымен жастарға патриоттық тәрбие беру тақырыбына арнаған семинар өткізді. ҚКХП Ақмола облыстық комитетінің бірінші хатшысы Бейсенбай Мәжитов өзінің алғы сөзінде қатысушыларды 2017 жылдың 31 қаңтарында жарияланған Жолдаумен таныстырып шықты. Хатшы «адами капиталдың сапасын арттыру» сұрағына кеңінен... 

Рахмет, ҚКХП!

Бүгін ҚКХП Ақмола облыстық комитетінің кеңсесінде ерекше іс-шара өткізілді. Оған қатысуға коммунистер, қоғамдық ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Ал әлеуметтік жағынан аз қамтылған қала тұрғындарын қайырымдылық сыйлықтары күтіп тұрды. «Шапағат» жобасы аясында халықтың әлеуметтік жағынан осал тобына арналып «Рахмет-Спасибо» дүкені  ашылды.   Облыстық комитеттің жұмыс кабинеті азық-түлік салынған пакеттер мен киімдерге... 

Қарапайым адамдардың өмірі, агробизнес және машина жасау мәселелері

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Айқын Қоңыров  жұмыс сапары барысында жеке қабылдаулармен қатар агробизнес фирмалары мен кәсіпорындардың жұмысымен танысып шықты. А.Қоңыров облыс орталығында қала тұрғындарымен кездесіп, Парламент жұмысымен таныстырып, көптеген сауалдарға жауап берді. Депутат–коммунист Целиноград ауданына қарасты Ақмол ауылының тұрғындарының мәселелерін тыңдап, жаңа құрылыстармен танысып, азаматтарды қабылдады. Зеренді ауданында... 

Бірінші орында – Халық мүддесі

ҚКХП Орталық Комитетінің хатшысы, Парламенттің төменгі палатасының депутаты Айқын Қоңыров жұмыс сапарымен Ақмола облысында жүр. Депутат-коммунист сапар барысында «Көкше» АҚ кәсіпорнында болды. Кәсіпорын басшылығы Парламент депутатының ерекше назарына таң қалды. Бас директор Б.Сембековпен әңгімелесу барысында депутаттың негізгі мақсаты белгілі болды. Депутатқа «Көкше» АҚ тапсырыс үшін толық есептеспегендіктен жалақыларын ала алмай жүрген Астана... 
Яндекс.Метрика