Home » Астана қалалық комитеті

Астанада «Ленин – ХХ ғасырдың тарихи тұлғасы» атты қоғамдық пікірталас өтті

2017 жылдың 21 сәуірінде ҚР Ұлттық мұрағат ғимаратында Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Астана қалалық комитеті «Ленин – ХХ ғасырдың тарихи тұлғасы» тақырыбында Халықаралық ғылыми қоғамдық пікірталас ұйымдастырды. Іс-шара Ұлы Қазан төңкерісінің жетекшісі, ХХ ғасырдың елеулі тұлғаларының бірі – Владимир Ильич Лениннің туған күніне орайластырылды. Пікірталасқа ҚКХП-ның Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі депутаты Владислав Косарев,... 

Космонавтика күні партияның астаналық белсенділері мен пионерлері Әскери-тарихи музейде болды

2017 жылдың 12 сәуірінде Космонавтика күніне орай ҚКХП  Астана қалалық комитеті партияның белсенділері мен пионерлер үшін Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің Әскери-тарихи музейіне экскурсия ұйымдастырды. ҚКХП Астана қалалық комитетінің хатшысы Н.Оразханов өзінің құттықтау сөзінде былай деп атап өтті: – Біздің ел үшін Космонавтика күні – ерекше мереке. Себебі алғашқы космонавт Юрий Гагариннің тұңғыш рет ғарышқа аттануынан кейін Байқоңыр... 

Астаналық комитетте шенеуніктер мен сарапшылар жолдар мәселесін талқылады

2017 жылдың 30 наурызында ҚКХП Астана қалалық комитеті жолдарды жөндеу жұмыстары мәселесіне арналған «Қымбат жолдар» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Іс-шараға Астана қ. Автомобильді жолдар басқармасы жетекшісінің орынбасары Б.Р. Сәулебаев және А.Н. Ысқақов, «ҚазАвтоЖол» АҚ Сапаны бақылау департаментінің директоры Д.В. Бессонов, «Жол-Сапа» ЖШС директоры А.А. Қабдрахимов, «Астананың қарқынды даму орталығы» ЖШС директоры М.Е. Сағымбаев, «Астана бас жоспары»... 

Барлық құрмет асыл жандарға

Көктем – шуақты мезгіл. Бұл мезгілдің шымылдығын ең жарқын және мейірімді мереке – Халықаралық әйелдер күні ашады. ҚКХП Астана қалалық комитеті көктем мерекесімен ең құрметті және аяулы жандар – соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін құттықтады. Жастық шақтарын еске алып, емін-жарқын әңгіме-дүкен құру үшін олар үшін кездесу ұйымдастырылды. Астаналық комитет атынан сыйлықтар табысталды. Бұл тұлғалардың еңбектері өлшеусіз, олар елімізге тыныштық... 

Біздің үміткер

1 наурыз күні ҚКХП Астана қалалық комитетінің хатшысы Нұрдәулет Оразхановқа Астана қаласы №20 сайлау учаскесі бойынша қалалық мәслихат депутаттығына үміткер куәлігін табыстады. Қалалық мәслихат депутаттығына үміткер Н. Оразхановтың сенімді өкілдері куәліктерін Қазақстан Коммунистік Халық партиясының белсенді мүшесі, «Шапағат» қайырымдылық жобасының қайраткері, кәсіпкер Дәурен Дүйсенбаев пен ҚКХП Астана қалалық комитетінің жауапты ұйымдастырушысы... 

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

«Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының сұрақтары бойынша «Халық коммунистері» фракциясының кеңейтілген отырысы. 4 наурызда ҚКХП Астана қалалық комитетінде (Қабанбай батыр к. 14, 7- кеңсе) Мемлекет басшысының ұсынған «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бойынша «Халық коммунистері» фракциясының кеңейтілген отырысы өтеді. Мемлекеттік... 

ҚКХП басымдықтарының бірі – жастардың патриоттық тәрбиесі.

Адам сапасы капиталын арттыру – ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында мемлекеттің дамуына бағытталған басымдықтардың бірі ретінде көрсетілген. Мемлекет басшысы оқу бағдарламаларын критикалық ойлау қабілетті және өздігінше ақпарат іздеу машығын дамытуға бағыттау қажет екендігін атап өтті. «Сонымен қатар ІТ білімі мен қаржы сауаттылығын қалыптастыруға,  жастарды ұлтжандылыққа тәрбиелеуге ерекше назар аудару қажет»,- деді Президент. Қазақстан... 

Студенттер Президенттің Жолдауын талқылады

17 ақпан күні Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде ҚКХП Астана ҚК бірінші хатшысы Марат Әубәкіровтың қатысуымен «Тәуелсіз Қазақстан мемлекет құрудың жаңа моделі ретінде: жетістіктер және дамудың жаңа векторлары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Пікірталастың негізгі тақырыбы ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы болды. Өз сөзінде Марат Әубәкіров Елбасының айқындаған бес басымдылығына жеке-жеке тоқталып өтті. Біраз ақпарат... 

Депутат Тұрғын Сыздықов елордалықтармен кездесті

2017 жылдың 2-10 ақпан аралығында ҚР Парламенті  Мәжілісінің депутаты Тұрғын Сыздықов Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру мақсатында Астана тұрғындарымен бірқатар кездесу өткізді. 2 ақпан күні ҚКХП Астана қалалық комитетінде алғашқы кездесу өтті. Мұнда Тұрғын Сыздықов ҚР Президентінің Жолдауын түсіндірді және қатысушылардың сұрақтарына жауап берді. Осы... 

Депутатпен кездесу

ҚКХП Астана қалалық комитетінде партиялық актив ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Тұрғын Сыздықов кездесті. Президенттің Жолдауын түсіндіру барысында Тұрғын Сыздықов, Елбасының белгілеген бағыты дұрыс екендігін атап айтты, себебі оның негізінде бәсекеге қабілетті мемлекеттің негізі болып табылатын ғылыми-техникалық прогресс жатыр. Сонымен қатар  ол адами капиталды нығайту тақырыбын ерекше белгіледі. Бұл үдеріс сапалы білім беру арқылы іске... 

Астанадағы пленум

2016 жылдың 18 қарашасында ҚКХП Астана қалалық комитеті кезекті VII пленумын өткізді. Жиында қалалық комитеттің бірінші хатшысы Марат Әубәкіров жыл бойы атқарылған іс-шаралар бойынша есеп берді. Сонымен қатар Марат Әбдуәлиұлы ҚКХП ОК саяси бюро мүшелерінің алименттік қор құру туралы бастамасына қолдау білдірді. Сондай-ақ астаналық комитеттің жетекшісі мектепке дейінгі білім беру саласын жетілдіру бойынша өз идеясын ортаға салды. Оның айтуынша, бұл бастама... 

Партия қатарына қабылданды

Ұлы Қазан Социалистік төңкерісінің 99 жылдығында «Халық коммунистерінің» қатары жаңа мүшелермен толықты. Ұлттық музейде өткен ресми рәсімде «қызылдардың» қатарына қосылғандарға партиялық билеттері салтанатты түрде тапсырылды. Шара шеңберінде коммунистер музейді аралап, Астананың интерактивті панорамасымен және тарихи  экспозициямен танысты. ҚКХП Астана қалалық комитетінің бірінші хатшысы Марат Әубәкіровтың сөзінше, ғасырға жуық уақыт өтсе де,... 
Яндекс.Метрика