Home » Қарағанды облыстық комитеті

«ҚКХП» командасы Универсиадаға матч арнады

«ҚКХП» командасы мини-футболдан Саранск лигасының алғашқы ойынын Универсиаданың ашылуына орайластырды. Спортшылар  футбол алаңына  «Универсиада-2017» деген жазуы бар плакатпен  «Алға, Қазақстан!» деп ұран салып шықты. Жас коммунистер бұл мини-акцияны 28 қаңтар күні Универсиадада қазақстандық ойыншыларды қолдау үшін жасады. -Біз қазақстандық спортшыларды қолдаймыз, оларға сәттілік тілейміз!- деді жас футболшылар. «ҚКХП» Саранск лигасындағы жас команда... 

Мерейтойыңызбен, ақсақал!

Қарағандылық коммунистер ҚКХП Қарағанды ОК Ардагерлер кеңесінің мүшесі Базархан Кункаевты 80-жылдық мерейтойымен құттықтады. ҚКХП Қарағанды облыстық комитеті Базархан Орашұлының атына Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Орталық Комитетінен, ҚР Парламент Мәжілісінің «Халық коммунистері» фракциясынан  келген құттықтау хаттарды табыстады. Ақсақалға алғыс хат тапсырған ҚКХП Қарағанды ОК бірінші хатшысы Александр Зевахин: –  Құрметті Базархан... 

Қарағанды облысындағы кездесулер

Осы күнге дейін халықтың әлеуметтік жағынан осал тобының мәселелері өз өзектілігін жойған жоқ. Мемлекеттік қолдауға қарамастан мүмкіндіктері шектеулі адамдар аз жәрдемақы, жұмысқа тұру мәселесі, тегін дәрі-дәрмектің тапшылығы сияқты мәселелер күнбе күн кездесуде. Қарағандыдағы «Үміт» қоғамдық бірлестігінің құрылғанына отыз жыл. Осы жылдар бойы ұйымның есіктері мүгедек балалар мен олардың ата-аналарына, мүмкіндіктері шектеулі қарт адамдарға үнемі... 

Шахтерлар астанасындағы іс-сапар

ҚКХП-ның Парламент  Мәжілісіндегі депутаты Тұрғын Сыздықов Қарағанды облысына жұмыс сапармен барды. Іс-сапардың мақсаты облыс тұрғындары және еңбек ұжымдарымен,  жергілікті билікпен  кездесу болатын. Алайда Шахандағы қайғылы жағдайға байланысты  белгіленген жоспар өзгерді. Ең алдымен депутат Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібековке жолығып, көңіл айтты. «Бұл біздің ортақ қайғымыз. Аймақ бойынша жауапты тұлға ретінде сізге қайғыға ортақтасып... 

Болашақ саясаттанушыларға арналған дәріс

Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің әлеуметтану және саясаттану кафедрасының сұрауы бойынша ҚКХП Қарағанды облыстық комитетінің басшылығы студенттерге Қазақстан Коммунистік Халық партиясы жайында дәріс оқыды.   Қарағанды облыстық комитетінің екінші хатшысы Тимур Сайфуллин төртінші курс студенттеріне партияның құрылу тарихы, құрылымы мен қызметі туралы баяндап берді. Студенттер дәріске үлкен қызығушылық танытып, ҚКХП-ның... 

Халық коммунистері тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы

16 қараша күні ҚКХП Қарағанды ОК-нің бірінші хатшысы Александр Зевахин «Қарағанды облысындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын-алу мәселелері бойынша ынтымақтастық жолдары» тақырыбындағы дөңгелек үстелге қатысты.  Іс-шара Қарағанды облысының  Ішкі саясат басқармасы мен «Озарение» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өтті. Кездесу барысында отбасындағы зорлық, яғни тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселелері жан-жақты талқыланды. Қатысушылар Қарағанды... 

7 қараша – атаулы күн

7 қараша күні қарағандылық коммунистер жылдағы дәстүр бойынша Лениннің ескерткішіне салтанатты түрде гүл шоқтарын қойды. Үш буынның өкілдері үлкен құрметпен гүл шоқтарын қойды. Қала тұрғындары  бұл іс-шараға үлкен қызығушылық танытты.  Жиналғандардың алдында ҚКХП Қарағанды облыстық комитетінің бірінші хатшысы Александр Зевахин құттықтау сөз сөйледі. – Құрметті жолдастар! Сіздерді Ұлы Социалистік Қазан төңкерісінің 99 жылдығымен құттықтаймын! Бұл... 

Қарағанды: VII пленум қаулы етті…

Әрбір коммунист үшін ұлы күндердің бірі – 7 қараша күні Қарағанды облыстық комитеті мен ОК бақылау-ревизиялық комиссиясының VII біріккен пленумы өтті. Пленумға облыстық комитеттің мүшелері мен жастар қанатының өкілдері қатысты. Пленум барысында ОК хатшылары мен ревизиялық комиссияның төрағасы баяндама жасады. Пленумды ҚКХП Қарағанды облыстық комитетінің бірінші хатшысы Александр Зевахин ашты: – Сіздерді Ұлы Социалистік Қазан төңкерісінің 99... 

Қараганды: «Медицина – емдейміз бе, әлде табыс табамыз ба?»

Халық коммунистері денсаулық сақтау саласының мәселелерін бірінші рет көтеріп отырған жоқ.  2014 жылы Қазақстан Коммунистік Халық партиясы «Қазақстандық медицина – шындық пен аңыз» атты дөңгелек үстелде ауруханаларға педиатрларды қайтару мәселесін көтерген болатын. Екі жыл өткен соң Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі балалар дәрігерлерін қайтару туралы айта бастады. Ал ҚКХП Қазақстан медицинасындағы жаңа мәселелерді айқындап отыр. Жыл... 

Қарияларға құрмет көрсетілді

Қарттар күнінде ҚКХП Қарағанды облыстық комитетінің басшылары Абай қаласы  Ақсақалдар кеңесінің мүшелерін құттықтады. -Сіздердің даналықтарыңыз, сіздердің жетістіктеріңіз бен өмірлік тәжірибелеріңіз жас буынға дұрыс бағыт-бағдар береді. Мереке күні сіздерге мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр тілегім келеді! – осы сөздермен ҚКХП Қарағанды облыстық комитетінің бірінші хатшысы Александр Зевахин Абай аудандық комитетінің ардагерлеріне гүл шоқтары мен... 

«ҚКХП» шағын футбол командасы алтын медаль иегері атанды

25 қыркүйек күні Қарағанды қаласынының «Өжет» спорт кешенінде  «Алтын күз» әуесқой турнирі өтті. «ҚКХП» шағын футбол командасы үздік ойын көрсетіп, бірінші орынды иеленді. Биыл құрылған команда үшін бұл үлкен жетістік. Команданың алғашқы дайындығы 2016 жылдың 16 сәуірінде басталды,- деп әңгімелейді команданың бас бапкері және ҚКХП Қарағанды ОК жастар қанатының көшбасшысы Анатолий Чен. – «Шахтер» командасының мыңдаған жанкүйерлері өмір сүретін қала үшін,... 

БОР + АСФАЛЬТ = БАЛАЛАРДЫҢ АРМАНДАРЫ

Қарағандының халық коммунистері Балаларды қорғау күні мерекесіне ауқымды акция өткізді. Олар Балалар мен жас өспірімдер сарайының алаңында балалар суреттерінің сайысын ұйымдастырды. Түрлі-түсті бордың көмегімен балалар өздерінің қиялдарын асфальт бетіне түсірді. Сөйтіп асфальт бетінде балалар әлемі пайда болды. Ұйымдастырушылар суреттердің тақырыбына шек қойған жоқ. Үш жас пен он бес жас аралығындағы балалар үлкен қуанышпен сұр асфальтқа сән берді....