Home » Шығыс Қазақстан облыстық комитеті

Коммуналдық қызмет көрсету тарифтерінің өсуі негізді ме?

2017 жылдың 21 ақпанында Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Шығыс Қазақстан облыстық комитеті «ТКШ жаңғырту – бітпейтін тарих» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Отырысқа коммуналды қызмет ұсынушы компаниялардың, «ШҚО тұрғын-үй эксплуатациялық басқармасы» ЖШС, ПИК Қауымдастығының өкілдері, тұтынушы ретінде Жергілікті өзін өзі басқару кеңесінің мүшелері, жергілікті саяси партиялар мен аймақтық БАҚ өкілдері  қатысты. Дөңгелек үстел Қазақстан Коммунистік... 

Шығыс Қазақстан облысының жұмысшылары Президенттің жаңа бастамаларын қолдайды

2017 жылдың 2 ақпанында Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Шығыс Қазақстан облыстық комитетінің басшылары «Гидростальконструкция» ЖШС еңбек ұжымымен кездесті. Кездесудің басты мақсаты Қазақстан Республикасының Конституциясына толықтырулар мен өзгертулер енгізу идеясын  талқылау мен түсіндіру болды. Іс-шараға барлығы 200 адам қатысты, кәсіпорын қызметкерлерінен басқа жергілікті БАҚ (Қазақстан-Өскемен телеарнасы, «Атамекен», «Рудный Алтай», «Дидар»,... 

Жаңа жыл жақсылық сыйласын!

Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Семей қалалық комитетінің белсенділері онкологиялық аурумен ауыратын балаларды жаңа жылдық мерекелерімен құттықтады. Онкологиялық орталық ұсынған тізім бойынша коммунистер балаларға тәттілер мен ойыншықтар, құттықтау тілектер мен әзілдер дайындады. Балалар өз ризашылықтарын білдірді, естелікке суретке түсті. Партиялықтардың басты тілегі – бала тілектің орындалуы. Ал олардың басты армандары – сауығып кету,... 

Шығыс Қазақстанда В.И. Ленинді еске алды

22 сәуірде  Шығыс Қазақстанның халық коммунистері әлемнің ұлы коммунисі Владимир  Ильич  Лениннің 146 жылдығын атап өтті. Осы арқылы қазіргі коммунистер Владимир Ильич насихаттаған және ақиқатқа айналдырған идеяға берік екендіктерін көрсетті. Бұл күні халық коммунистері Шығыс Қазақстанның Өскемен, Семей,  Зыряновск сынды ірі қалаларында ауа-райының қолайсыздығына қарамастан әлемдік пролетариат көсемінің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Осыдан моң... 

Үздіктер марапатталды

27 наурыз күні Қазақстан Коммунистік Халық партиясының Зырян аудандық комитетінің кеңсесінде үздіктерді марапаттау шарасы өтті. Үздіктер деп отырғанымыз ол – партияға үлкен сеніммен қарайтын, коммунизм идеяларына берік және үгіт науқаны кезінде белсенді түрде атсалысқан азаматтар.  Қажырлы еңбектің нәтижесінде сайлау күні  халық үлкен белсенділік танытты. Малеевск ауылының өзінде аталмыш партияны сайлаушылардың  14 пайызы қолдаған.  Белсенділер... 

Жұмыс сапарымен Семейге келді

Өткен аптада ҚКХП Шығыс Қазақстан облыстық комитетінің мүшелері бірінші хатшы Ш.Байдаулетовтың жетекшілігімен жұмыс сапарымен Семейге келді. Жұмыс сапары ҚКХП Семей қалалық комитетінің қызметімен танысуды және осыған дейін болған кездесуде  ұсыныстарын қалдырған жергілікті тұрғындарға заңдық кеңес беруді көздеді. Семей қалалық комитетінің бірінші хатшысы О.Шишкина комитеттің жұмысы  қалай ұйымдастырылғанын айтып, белсенділермен таныстырды. Тұрғындармен... 

Монополистер қоғаммен диалог құрғысы келмейді

11 қарашада, Өскеменде ҚКХП Шығыс Қазақстан облыстық комитетінің бастамасымен аймақтағы табиғи монополиялардың электр энергиясы  және  жылумен қамтамасыз ету қызметіне шекті тариф бекіту туралы шешіміне қатысты дөңгелек үстел өтті. Жиынға барлық мүдделі тараптар – осы қызметті ұсынып отырған кәсіпорындар мен облыс әкімдігінің қызметкерлері, облыстық, қалалық мәслихаттардың депутаттары, саяси партия филиалдарының, үкіметтік емес ұйымдардың, ШҚО... 

Зырян қаласындағы «Өмір сүру құқығы» акциясы

22 қыркүйекте еліміздің барлық аймағында жүргізушілердің көлікті қауіпсіз, мұқият басқаруына бағытталған «Өмір сүру құқығы» акциясы өтті. Маңызды шараға Шығыс Қазақстан облысы Зырян қаласының халық коммунистері, ҚКХП аудандық комитетінің белсенділері М.Раисова, М.Қасымқанова, С.Бижан, Зырян аудандық партиялық ұйымының  көшбасшылары Ж. Құспекова және Е.Жүнісов атсалысты.   Аудандық жол полициясы қызметкерлерінің қолдауы һәм қатысуымен   халық коммунистері... 

ЖҮРГІЗУШІ! Жол жүру ережесін сақта!

2015 жылы 22 қыркүйекте ҚКХП Шығыс Қазақстан облыстық комитеті «Өмір сүру құқығы» қоғамдық акциясын өткізді. Бұл күні облыстық комитеттің қызметкерлері мен партия белсенділері облыс орталығының жолдарына шығып, жүргізушілермен балалардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларына қатысты қосымша ақпаратпен бөлісті. Әңгімелесу кезінде жүргізушілерге балаларға арналған мекемелердің жанындағы жолдарда мұқият болу қажет екендігі айтылып, арнайы флаер-парақша... 

Өткен аптада ҚКХП Шығыс Қазақстан облыстық комитетінің өкілдері «Жаңару» Жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» республикалық қоғамдық бірлестігі облыстық бөлімшесінің жанындағы Қоғамдық сенім орталығының ұйымдастыруымен өткен қоғамдық тыңдауларға қатысты. Іс-шараның басты мақсаты Шығыс Қазақстан облысы ЗТМО-ның халыққа көрсететін мемлекеттік қызметінің қолжетімділігі мен сапасы жайында аймақтың тұрғындарын таныстыру болды. Отырыс барысында... 

«Водоканал» нысандарындағы инспекциялық тексеріс

Тамыздың соңғы аптасында ҚКХП Шығыс Қазақстан облыстық комитетінің бірінші хатшысы Шыңғыс Байдаулетов құрамына негізгі саяси партиялардың және қалалық қоғамдық ұйымдардың өкілдері кіретін қоғамдық комиссия құрамымен Өскемен қаласын сумен жабдықтау нысандарын аралады. Іс-шараның басты мақсаты сумен жабдықтау жүйлерінің қысқы дайындығын тексеру болды. Тексеру барысында «Өскемен Водоканал» МҚК жоспарлау бөлімінің басшысы Индира Нұрсабитованың... 

Шығыс Қазақстан облыстық комитеті ҚКХП Зырян аудандық комитеті

22 тамыз күні Зырян қаласында ҚКХП Зырян аудандық комитетінің ұйымдастырылған Пленумы өтті. Күн тәртібінде ҚКХП облыстық комитеттің бірінші хатшысы лауазымына Ш. Байдаулетовты сайлау сынды кадрлық мәселелер қаралды. Пленум Ш. Байдаулетовты бұған дейінгі Зырян аудандық комитетінің бірінші хатшысы қызметінен босатқан болатын. Бұдан былай Зырян аудандық комитетіне Ж.Құспеков (1985 ж.т.) басшылық етеді. Аудандық комитеттің хатшылары болып Е. Жүнісов (1976...