Home » Астана қалалық комитеті, Партия тынысы » Депутат Магеррам Магеррамов сайлаушылармен өткен жұмыс сапарын қорытындылады

Депутат Магеррам Магеррамов сайлаушылармен өткен жұмыс сапарын қорытындылады

2017 жылдың 10-19 шілде аралығында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Магеррам Магеррамов астаналық сайлаушылармен бірқатар кездесулер өткізді.

Ең алдымен мәжілісмен Астана қ. мәслихат хатшысы Жанат Нұрпейісовпен және Астана қ. Қоғамдық кеңесінің төрағасы Сансызбай Есіловпен кездесті. Кездесу барысында Қоғамдық кеңес пен мәслихаттың өзара әрекеттестігі туралы әңгіме қозғалып, кеңестің әрбір мүшесіне нақты бір сайлау округін бекіту туралы ұсыныс айтылды. Бұл ұсыныс мәслихат депутаттары мен ҚК мүшелеріне тиімді формада жұмыс істеуге мүмкіндік береді деп айқындалды.

с секретарем маслихата Астаны

с председателем общественного совета Астаны

10 шілде күні М.Магеррамов ҚКХП-ның астаналық комитетінде болып, қалалық комитеттің активімен кездесті. Кездесу барысында соғыс балаларына тыл еңбеккері мәртебесін тағайындау, елдегі экологиялық жағдайды жақсарту, кітапханашылардың төмен жалақысы сияқты мәселелер тілге тиек етілді. Партияның 13 жылдық жұмысының қорытындысы айтылып, әрі қарай жұмыс істеудің әдістері анықталды.

встреча с партийным активом2

2017 жылдың 11 шілдесінде халық қалаулысы төрт кездесу өткізді. Астананың қалалық сотындағы кездесуде мәжілісмен сот жүйесіне енгізілген ақпараттық технологиялармен танысты. Кейін Астана қ. Есіл ауданы әкімінің отырысына қатысты. Жиында ауданды абаттандыру мен кәсіпкерлік мәселелері талқыланды. ТКШ пен ПИК жұмыскерлерімен кездесуде биік қабатты үйлердің алдыңғы бетін жөндеу және лифт қызметін реттеу мәселелері айтылды. Сонымен қатар депутат Астана қаласының бас прокурорымен кездесті.

встреча в городском суде3

12 шілде күнгі жұмыс сапары барысында депутат Орталық сот сараптамасы  институтында болды. Бұл жерде коммунист зерттеу лабораторияларының материалдық-техникалық жабдықталуымен танысып, институт жұмысына қатысты бірқатар мәселелерге тоқталды.

Астана қ. ІІБ-да халық қалаулысы жергілікті полиция басшысы Бақытжан Малыбаевпен  қалалық полиция қызметінің жұмысын талқылады.

13 шілде күні сайлаушылармен кездесу аясында Магеррам Магеррамов Астананың медициналық мекемелерінде болды. Қалалық №9 емхананың бас дәрігері Айгүл Жақсылықова және оның орынбасарымен кездесу барысында емханаларды мамандармен қамту және техникалық жабдықтау мәселелері қозғалды. Мекеме қызметкерлері депутатты халық арасындағы өлім көрсеткішінің деңгейі мен дәрігерлік кеңестік комиссияның жұмысы туралы хабардар етті. Өз кезегінде М.Магеррамов жас өспірімдер арасындағы жүктілік, әсіресе Білім беру басқармасымен өзара қандай жұмыс жасалынатындығы туралы сұрастырды. Медицина қызметкерлері әрбір мектепте медқызметкер жұмыс жасайтынын, жас өспірімдермен ақпараттық жұмыс жүргізілетіндігі туралы айтты. Кейін депутат №2 қалалық балалар ауруханасына барып, бөлім меңгерушілерімен және бас дәрігердің орынбасарымен кездесті. Бұл жерде ең бірінші кезекте денсаулық сақтау жүйесіне медициналық сақтандыруды енгізу және медицина қызметкерлерінің құқықтарын қорғау  мәселелері талқыланды. Кездесуде денсаулық сақтау саласының қызметкерлерін баспанамен қамту, олардың әлеуметтік мәртебесін көтеру, астаналық коэффициент енгізу, сол арқылы республикалық маңызы бар қаладағы медқызметкерлердің жалақысын көтеру сияқты ұсыныстар айтылды. Сонымен қатар №2 қалалық балалар ауруханасының орта санаттағы қызметкерлері шетте орналасқан ауруханаларды арнайы қатынайтын көлікпен қамтуды ұсынды.

14 шілде күні Астана қ. «Сарыарқа» ауданының әкімдігінде дөңгелек үстел басында ЖПҚ басшысы, орынбасарлары мен әкімдік аппаратының қызметкерлері жиналды. Әкім орынбасары Ержан Жақұбаевтың есебі тыңдалды. Сонымен қатар апаттық жағдайда тұрған үйлерді сүрлеу, әкімдік жұмысында, халықпен кері байланыста заманауи ақпараттық технологияларды пайдалану, жергілікті полиция қызметі мен жеке сот орындаушыларының өзара ықпалдастықтары туралы айтылды. Кездесу барысында қаланың әрбір ауданына бір әкімшілік сотты анықтау қажеттігі туралы ұсыныс айтылды. Сондай-ақ мемлекеттік балабақша мен жеке меншік балабақшалардың төлемдерін теңестіру идеясы ортаға салынды. Бұл арқылы балабақшалар тапшылығын жойып, мемлекеттік балабақшаларға кезек мәселесін шешу болатындығы айтылды.

17 шілде күні Магеррам Магеррамов Ұлттық академиялық кітапхана ұжымымен кездесу аясында Ислам  мәдениетінің тарихы мен өнері ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен өткен араб көркем жазу көрмесін тамашалады. Көрмеден кейін коммунист «Рухани жаңғыру – мәдени дамудың жолы» тақырыбында өткен дөңгелек үстелде зиялы қауыммен кездесті. Дөңгелек үстелге қатысушылар рухани жаңғыру мен ұлттық сана-сезімнің, ұлттық бірегейліктің маңыздылығын талқылады.

Выставка арабской каллиграфии

Астана қ. Әділет департаментінің жетекшісі Мұрат Әбіловпен кездесуде депутат мемлекеттік алимент қорын құру, МӨЖ-дің ІІМ және прокуратурамен өзара ықпалдастығы туралы сөз қозғады.

Әділет департаментінің өкілдерінен жақсы ұсыныстар түсті: сот шешімінің орындалуын бақылау мақсатында сот орындаушыларына сот бекіту, жұмыстың тиімділігін арттыру үшін сот орындаушыларының құзыретін арттыру.

Депутат 18 шілде күні алты кездесуде болды. Ең біріншіден мәжілісмен Жұмыспен қамту орталығында болып, орталықтың жұмысымен және бағдарламаларымен танысты. Орталық қызметкерлерінің айтуынша, кадр тапшылығы денсаулық сақтау және білім беру саласында байқалады, әлеуметтік қызметкерлермен қамту да үлкен мәселе тудырып отыр.

Центр занятости2

Центр занятости3

Кейін депутат Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы этномәдени орталықтардың ұжымдарымен кездесті. Кездесу барысында жемқорлықпен күрес, шағын және орта бизнесті қолдау, ҚХА мен саяси партиялардың бірлескен жұмыстарының даму болашағы талқыланды.

Встреча с Ассамбелеей

Бұдан кейін М.Магеррамов қалалық Білім басқармасының жетекшісі Ануар Жанғозинмен кездесу өткізді. Білім басқармасының жетекшісімен бірыңғай мектеп формасын және орта және мектепке дейінгі білім беру мекемелерін жан басына қаржыландыру әдісін енгізу, жас өспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу үшін ІІД бірлесе жұмыс істеу сияқты мәселелер тақыланды.

Жұмыс күнінің соңында халық қалаулысы Астана қ. Жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасында болды. Институт өкілдері ЖСО мәртебесін көтеру мен ІІМ-мен өзара әрекеттестік бойынша кейбір заңдарға өзгертулер енгізу ұсынысы белгіленген құжат әзірлеген.

19 шілде күні коммунист ҚКХП Астана қалалық комитетінде қала тұрғындарын қабылдады. Депутаттың қабылдауында 20 адам болды, олардың арасында алданған үлескерлер мен ТКШ өкілдері бар. Сондай-ақ астаналық комитеттің кеңсесінде М.Магеррамов «Коммерциялық емес ұйымдардың қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне кейбір өзгертулер мен толықтурылар енгізу туралы» заң жобасын талқылау үшін коммерциялық емес ұйымдардың жетекшілерімен кездесті. Бұл заң жобасы ҚР Парламенті Мәжілісінің талқылауында жатыр.

Бұдан басқа мәжілісмен қалалық комитеттің ұйымдастырумен өткен «Қазақстандық бірегейлік» атты дөңгелек үстел жұмысына қатысты. Қатысушылар қазақстандық қоғамның рухани дамуын талқылады.

Общественная приемная1

Ресми жұмыс сапардың қорытындысы Ақмола облысы Целиноград ауданына қарасты Қоянды ауылдық округінің әкімі Өмірсерік Ержановпен кездесу болды. Ауыл округін абаттандыру мен инфрақұрылымын дамыту әңгіме өзегіне айналды. Сонымен қатар халық қалаулысы жергілікті мектеп пен амбулаториялық орталықта, балабақшада болып, олардың материалдық-техникалық жабдықталуымен танысты.

Жұмыс сапары барысында депутат М.Магеррамов жалпы 25 іс-шараға қатысып, 392 сайлаушымен кездесті.

ҚКХП Астана қалалық комитеті

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Яндекс.Метрика