Home » Астана қалалық комитеті, Партия тынысы » Депутат Тұрғын Сыздықов елордалықтармен кездесті

Депутат Тұрғын Сыздықов елордалықтармен кездесті

16640962_1341222385934476_3041102714047098512_n2017 жылдың 2-10 ақпан аралығында ҚР Парламенті  Мәжілісінің депутаты Тұрғын Сыздықов Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру мақсатында Астана тұрғындарымен бірқатар кездесу өткізді.

2 ақпан күні ҚКХП Астана қалалық комитетінде алғашқы кездесу өтті. Мұнда Тұрғын Сыздықов ҚР Президентінің Жолдауын түсіндірді және қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

Осы күні депутат ҚКХП Астана ҚК активімен бірге кәсіптік-техникалық колледжге барды. Әңгіме барысында халық қалаулысы Жолдаудың маңызды тұстарын түсіндірді. Ол Президент білім беруді экономикалық өрлеудің жаңа моделінің негізгі түйіні болуы керектігін ерекше атап өткенін жеткізді.

Өз кезегінде ҚКХП Астана ҚК екінші хатшысы Нұрдәулет Оразханов  партияның қызметі мен оның мүмкіндіктері жайлы сөз қозғады. Ал колледж директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Салтанат Омарова депутатты колледждің материалды-техникалық базасымен таныстырды.

Кездесу соңында Т.Сыздықов колледждің тілек  кітабына лебізін жазып, қолтаңбасын қалдырды.

3 ақпан күні ҚР Парламенті Мәжілісінің экономикалық реформа және аймақтық даму комитетінің мүшесі Тұрғын Сыздықов ҚКХП Астана ҚК бірінші хатшысы Марат Әубәкіровпен ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауын түсіндіру мақсатында ҚР ІІМ Көліктегі ішкі істер департаментінде болды. Негізгі тақырыптан басқа коммунистер ІІД қызметкерлерімен мемлекеттік қызметкерлерге арналған баспана және құқық қорғау саласын ізгілендіру мәселесін талқылады.

ҚКХП  қалалық комитетінің активімен кездесуде Т. Сыздықов

Елбасы Жолдауы уақыт тезінен екшеліп өткен саяси құжат екенін тілге тиек етті.

«Жолдауда бәсекеге қабілеттіліктің негізі болып табылатын ғылыми-техникалық үдеріске, кәсіпкерлікке және ауыл шаруашылығы кооперативтерін құруға бет бұру қажеттігі нақтыланған», – деді депутат.

 Ал партия мүшелері Президенттің Жолдауын бірауыздан қолдайтындарын жеткізіп, саяси құжаттағы тапсырмаларды жүзеге асырудағы  партияның рөлін айқындады.

4 ақпан күні коммунист-депутат Басқару колледжінің ұжымымен кездесті.

Мұнда Президент Жолдауы  түсіндіріліп, білім, ғылым мәселесі сөз болды. Халық қалаулысы жиналғандармен барлық оқу орындарында оқытушылар мен студенттер үшін тегін ағылшын курстарын ұйымдастыру, мемлекеттік грантта оқыған түлектерді жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және оқу үдерісінде тәжірибелік сабақ  санын көбейту қажеттігі жайлы пікір алмасты.

7 ақпан күні «Халық коммунистері» фракциясының өкілі Талапкер ауылдық округінде жергілікті тұрғындармен жүздесті. Депутат кездесуге келгендерге Президент Жолдауының басым бағыттарын баяндады.

«Бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына қабылдану үшін біз Жолдау жүктеген міндеттерді мінсіз орындауымыз керек», – деді ол.

Өз кезегінде тұрғындар педагогтар мен медицина саласының қызметкерлерін тегін оқыту, зейнет жасын қысқарту, Астананың айналасындағы ауылдарды ауыз су мәселесінен арылту, жергілікті жерлерге 3 тілде білім бере алатын маман даярлау мәселесін күн тәртібіне қойды.

Т.Сыздықов Дағдарыс орталығына да арнайы барды. Бұл жерде оны

мекеме басшысы Ғалия Нури  тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болған әйелдерге жасалып жатқан жағдаймен таныстырды. Депутат Дағдарыс орталығының ұжымына да Елбасы Жолдауын жан-жақты түсіндірді.

8 ақпан күні депутат Астана қаласы ардагерлері мен мүгедектерінің интернат-үйінде болды. Ол интернаттағы мұражайға арнайы кіріп шықты.

Интернат-үйінің ұжымына Президент жолдауын түсіндіргенде Т.Сыздықов Қазақстан қазіргі толайым табысына аға буынның қажыр-қайраты мен жігерінің арқасында жеткенін айтты.

9 ақпан күні депутат Л. Гумилева атындағы ЕҰУ-дың профессор-оқытушылар құрамымен кездесті. Бұл шараға Қазақстан Халқы Ассамблеясы Астана қалалық филиалының өкілдері де атсалысты.

Дәл осы күні Т.Сыздықов «Алатау» спорт кешенінде болды. Мұнда ол спортшыларға Президенттің  Жолдауын түсіндірді.

10 ақпан күні депутат жол құрылысына қатысты материал шығаратын «Таскілем» компаниясының және «JeffTailor» тігін үйінің өкілдерімен

кездесті. Халық қалаулысы кәсіпкерлермен Жолдау және конституциялық реформа жайлы сөйлесті.

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Яндекс.Метрика