Home » Батыс Қазақстан облыстық комитеті, Партия тынысы, ҚКХП Орталық комитеті » Депутат Жамбыл Ахметбеков Атырау облысының сайлаушыларымен бірнеше кездесу өткізді

Депутат Жамбыл Ахметбеков Атырау облысының сайлаушыларымен бірнеше кездесу өткізді

Тұрғындармен кездесу жалпыхалықтық талқылауға салынған билік тармақтарының арасында өкілеттілікті қайта бөлу туралы заң жобасының нормаларын және Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру аясында өткізілді.
3 ақпан күні депутаттық топ Атырау мұнай және газ университетінде облыс университеттері мен колледждерінің оқытушы-профессорлар құрамымен, ғылым және шығармашылық зиялыларымен, студенттермен кездесті.

OLYMPUS DIGITAL CAMERA

Қатысушылар алдағы конституциялық реформаның мемлекетіміздің дамуында алатын орны ерекше екендігін атап өтті. Бұл демократиялық мемлекеттің дамуын жаңа кезеңге бастайтын саяси маңызы зор мәлімдеме екендігін ерекше назарға алды.

«Халық коммунистері» фракциясының депутаты, ҚР Парламенті Мәжілісінің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Жамбыл Ахметбеков Қазақстан Коммунистік Халық партиясы билік өкілеттілігін бөлісудің уақыты келгендігімен толық келісетінін жеткізді. Коммунистер бұған дейін де саяси реформалар жүргізу туралы бірнеше рет айтқан болатын.

Қатысушылар Елбасының 2017 жылғы Жолдауында белгілеген мақсат-міндеттерге бірауыздан қолдау білдірді. Көпшіліктің ойынша, бұл өзгерістер еліміздің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттырып, Қазақстанды қуатты мемлекет етуге бағытталған.

Сол күні Жамбыл Ахметбеков Теңдік ауылына барып, Каиршахтинск ауылдық округының тұрғындарымен кездесті. Кездесуге Атырау қаласы әкімінің орынбасары Мейірім Қалауи және қалалық мәслихат депутаттары қатысты.

Түсіндіру жұмыстарынан кейін тұрғындар жергілікті билік пен тіркеу бойынша ТҚКО жұмысына және азаматтарды уақытша тіркеу бойынша заңға түзету енгізуге қатысты шағымдарын айтты. Жалпы ауыл тұрғындары конституциялық реформаларды қолдайтындықтарын жеткізді.

4 ақпан күні Ж.Ахметбеков депутаттық топпен әскери қызметкерлер мен олардың отбасыларымен кездесті. Әскери қызметкерлермен әңгіме барысында ҚКХП депутаты Жолдауда әлеуметтік қамтамасыз ету саласына берілген басымдықтарға ерекше тоқталды. 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап зейнетақы 20 пайызға көтеріледі, 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап базалық зейнетақы тағайындаудың жаңа әдісі енгізіледі және «Нұрлы жер» тұрғын үй бағдарламасы іске асырылады. Сонымен қатар депутаттар қатысушылардың сұрақтарына жауап берді. Әскери қызметкерлер де алдағы реформаларға барынша қолдау білдіретіндіктерін мәлімдеді.

Кейін Жамбыл Аужанұлы ҚКХП Атырау ОК қоғамдық қабылдауында жеке мәселелер мен сұрақтар бойынша азаматтарды қабылдады. Жеке қабылдау барысында заңгерлік кеңес беріліп, ауызша түсіндіру жұмыстары өткізілді. Қабылдауға жалпы 12 адам келген. Барлық шағымдарды депутат өз назарына алды.

6 ақпан күні ҚР Парламенті Мәжілісінің бір топ депутаттары Исатай ауданында билік тармақтарының арасында өкілеттілікті қайта бөлу туралы елбасының ұсынысын және мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылады.

Аудан әкімі Тұрарбек Сұлтанбековтың қатысуымен өткен іс-шараға аудан активі, мемлекеттік кәсіпорындардың өкілдері, Тұщықұдық және Аққыстау ауылдарының тұрғындары қатысты.

Ж.Ахметбеков және басқа да депутаттар Елбасы Жолдауының негізгі қағидалары туралы айтып берді. Сондай-ақ депутаттар Қазақстанның үшінші жаңғыруы экономикалық дамудың жаңа моделін құруға өз септігін тигізетіндігін айтты. Сол арқылы біздің еліміз әлемнің алдыңғы қатарлы 30 мемлекеттерінің санатына енбек.

Халық қалаулылары аудан тұрғындарының көкейінде жүрген сауалдарына жауап беріп, барлық ұсыныстар тиісті министрліктерге жолданатынын жеткізді.

Кездесу соңында депутаттар бірқатар аудан тұрғындарына алғыс хаттарын табыстады.

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Яндекс.Метрика