Home » Астана қалалық комитеті, Партия тынысы » Депутатпен кездесу

Депутатпен кездесу

16427494_1334855339904514_6459255929785409089_nҚКХП Астана қалалық комитетінде партиялық актив ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Тұрғын Сыздықов кездесті.

Президенттің Жолдауын түсіндіру барысында Тұрғын Сыздықов, Елбасының белгілеген бағыты дұрыс екендігін атап айтты, себебі оның негізінде бәсекеге қабілетті мемлекеттің негізі болып табылатын ғылыми-техникалық прогресс жатыр. Сонымен қатар  ол адами капиталды нығайту тақырыбын ерекше белгіледі. Бұл үдеріс сапалы білім беру арқылы іске асырылуы тиіс. Сондай-ақ депутат жалпыға ортақ еңбек қоғамын құруға септігін тигізетін жеке кәсіпкерлікті дамыту мен ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру қажеттігін айтты.

Өз кезегінде партия мүшелері Президенттің Жолдауын қолдайтындықтарын жеткізді. Актив Жолдауды іске асыру үшін партияның алдағы жұмыс  жоспарын саралады. Қатысушылар партияның қатысуы бар үлескерлік құрылыс, жастардың бос уақыттарын өткізуге тегін  жағдай жасау, ауылды жерлерге кооператив құру және оларға жастарды тарту сияқты мәселелерді талқыға салды.

Актив мүшелері қазіргі жағдайдағы партияның жұмысына енгізілетін жаңа формалар мен әдістер айқындады.

ҚКХП Астана қалалық комитеті

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники