Home » Депутаттық сауалдар, Партия тынысы » ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ

ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі  

Б.Ә. Сағынтаевқа

 Құрметті Бақытжан Әбдірұлы!

photoБіздің депутаттық сауал шынайы өнімді еңбекпен айналысатын металлургтерге қатысты. Мемлекет басшысы өзінің металлург мамандығын еске түсіргендегі айтқан сөзі: -«Бұл – ең шынайы мамандық!». Металлургтың жұмыс міндеті үлкен зейінді қажет ететін ауыр жұмыс. Бұл нағыз ер азаматтардың қолынан келетін жұмыс, жоғары ауа температурасында жұмыс істеудің өзі үлкен қауіп. Онкологиялық аурулар мен жүрек-тамыр жүйесінің мәселелеріне әкеліп соқтыратындықтан металлург мамандығының қаупі өте көп.

Сөзсіз, бұл мамандық күш-қуаты мол, шыдамды адамдарға лайықты. Бөлшектермен жұмыс істеуде қолдың икемділігі де үлкен рөль атқарады. Онсыз жарақат алу қаупі де екі еселене түседі. Жастары келіп қалған металлургтарға мамандықтың бұл талаптарына сай болу қиынға соғады. Металлург мамандығы жоғары сұранысқа ие мамандықтардың бірі. Металл кез келген мемлекеттің стратегиялық ресурсы болып табылады. Оны өндіріске шығару және өнім шығару тек қана металлургтың қолынан келеді.

Ауыр еңбек жағдайына байланысты бұл мамандыққа баратындар саны аз. Естеріңізге сала кетейік, Президент «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыруы: Жалпыға ортақ еңбек Қоғамына 20 қадам»  Бағдарламалық мақаласында еңбектің маңыздылығын ерекше атап өтті: – «Әлемдік өркениеттің барлық құндылықтары, экономикалық және мәдени байлық адам еңбегінің жемісі…». Сонымен қатар «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты  Қазақстан халқына Жолдауында елбасы Қазақстанның алдыңғы қатарлы 30 ел құрамына енуге ықпал ететін және экономиканың өсу қарқынын қамтамасыз ететін бес негізгі басымдықты атап көрсетті. Тау-кен металлургиялық кешен мұнай-газбен қатар аталып, «тұрақты экономикалық даму үшін стратегиялық маңызын сақтап қалуға» міндетті үшінші басымдық болып танылды.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып және маңызы зор мамандықтың сабақтастығын үзбеу мақсатында кеншілер үшін елдің экономикалық әлеуетін және адамдардың физикалық күш-қуатының мүмкіндіктерін ескере отырып еңбек өтілін қайта қарастыруды ұсынамыз.

Сонымен қатар ведомстволық «Қазақстан Республикасының құрметті кеншісі» озаттық белгісін тағайындау мүмкіндігін қарастыруды сұраймыз.

Депутаттық сауалға жауапты заңнамада белгіленген мерзімде жазбаша беруіңізді сұраймыз.

 Құрметпен

«Халық коммунистері» фракциясының депутаттары                                          

М.Магеррамов

Ж. Ахметбеков

Г. Баймаханова

А. Қоңыров

И. Смирнова                                

Т. Сыздықов

15.02.17 ж. жарияланды

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники