Home » Депутаттық сауалдар, Партия тынысы » Депутаттық сауал

Депутаттық сауал

Қазақстан Республикасының

Премьер-министрі

Б.Ә. Сағынтаевқа

 Қазақстан Республикасының

Бас прокуроры

Ж.Қ. Асановқа

 Құрметті Бақытжан Әбдірұлы!

Құрметті Жақып Қажманұлы!

DSC_390011-300x294-1Еліміздің халқы әлемдік экономикалық дағдарысқа байланысты туындаған қиындықтарға түсіністікпен қарайды. Халық өз тарапынан шыдамдылық, ұлтжандылық танытып, Мемлекет басшысының бастамасымен ұсынылған реформаларға қолдау көрсетіп отыр.

Дегенмен, бюджеттік қызметкерлердің жалақысы, әлеуметтік төлемдер мен зейнетақы мөлшері көбейеді дегеннен кейін азық-түлік пен дәрі-дәрмек бағасының өсуі халықты алаңдатып отыр.

Біздің партияның аймақтық бөлімшелерінің мәліметі бойынша, тауардың негізгі 24 түріне баға екі және одан да көп есе өскен. Әсіресе, қарақұмдақ, картоп, қант, жұмыртқа, тұз, пияз, қияр, қызанақтың  бағасы шарықтап тұр. Республиканың астық өлкелерінде де нан бағасы көтерілген. Сиыр, жылқы, шошқа етінің бір келісі 1800-2000 теңге болып тұр.

Тұтынушы себетінің басты құрамы болып табылатын тұздың бағасы 25%-дан 132% өскен. Облыстарда билік пен сауда фирмалары арасында бағаны тұрақтандыру бойынша келісілген  меморандум тек қағаз жүзінде жұмыс істейді. Жеке аймақтарда жекелеген азық-түлік бағасының түсуі жалпы мәселені күн тәртібінен алып отырған жоқ.

Ресми статистика бойынша берілген мәлімет көп жағдайда шындыққа жанаспайды. Бағаның өсуі ресми инфляцияның деңгейінен асып тұр.

Азық-түлік бағасын ұстап тұруда тұрақтандыру қорларының тиімділігі төмен болып тұр. Бұл жайлы былтырғы жылдың желтоқсанында Үкімет отырысында айтылған болатын.  Көп аймақтарда коммуналды сауда орталықтары, әлеуметтік дүкендер мен бөлімдер өз міндеттеріне сай жұмыс істеп жатқан жоқ. Ол жерлерде сапасы төмен заттарға ғана төмен баға қойылады.

Азық-түлік тауарлары бағасының өсуі табиғи монополиялардың қызмет төлемін арттыруға әкеліп соқтырады. Капитализмге тән дарашылдық, көп табыс табу мақсаты нарықтық қарым-қатынаста алақол бәсекелестікті қалыптастырады. Өндіруші мен тұтынушы арасындағы делдал құрылымдар тұтыну нарығына өзінің мафиялық тәртібін мәжбүрлейді. Мұндай жағдайда Жемқорлыққа қарсы агенттіктің жемқорлықтың схемасында мемлекеттік шенеуніктердің да алатын орны ерекше деген пікірімен келіспеу қиын. Осы және өзге де себептерді халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған мемлекеттің мақсатын дискредитациялау амалы деуден басқа амал жоқ.

Президент өзінің Қазақстан халқына Жолдауында мемлекеттің үшінші жаңғыруын сәтті түрде іске асыруда қазақстандықтардың тұтыну шығындары мен өмір сүрудің ең төменгі деңгейімен үйлесуін, баға және тарифтің тұрақталуымен, барлық дәрі-дәрмек бағасын заң жүзінде реттеумен, басқа да кемшіліктерді жоюмен байланыстырады. Осының барлығының басты мақсаты халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған.

Осыған орай, біз, мынадай  шара қолдануды ұсынамыз:

  1. Тауарды өндіру және сату нарығында тәртіп орнату үшін үкіметтік деңгейде жүйелі шара қолдану, әсіресе «тұтынушы себеті» тізіміне енген тауарлар мен дәрі-дәрмектерге.
  2. 2017 жылдың қаңтарынан бастап жеке тауар түрлерінің бағасын реттеуді тоқтату туралы сұрақты қайта қарастыру, экономикадағы дағдарыс кезінде скандинавия мемлекеттерінің тәжірибесімен мемлекет тарапынан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік пен дәрі-дәрмекке мүмкін болатын шекті бағаны бекіту.
  3. Ішкі істер органдарымен бірлесе отырып қалыпты нарық механизміне қатысы жоқ баға нарығындағы бассыздыққа қарсы шара қолдану, оны жою. Әсіресе, делдалдардың көбеюіне жол ашатын монополиялық ортада, олигархиялық бизнес-құрылымдарда реттеу жұмыстарын қолға алу. Бизнес ортада өркениетті қарым-қатынасты бекіту үшін жағдай жасау.
  4. Жергілікті жерлердегі атқарушы органдарға тұрақтандыру қорларына, әлеуметтік дүкендер мен сауда бөлімдеріне, коммуналды сауда орталықтарына әлеуметтік нысандардың бастапқы идеяларын қайтаруды, жеткізіліп тұратын өнімдердің сапа мен санын бақылауға алуды міндеттеу. Базар мен сауда орталықтарының отандық өнімдерге қол жетімділігін кеңейту мәселесін қайта қарастыру.
  5. Бұған дейін біздің фракция ұсынғандай дағдарыс кезінде жағдайы төмен азаматтарға жергілікті өндірушілердің өнімдерін алу үшін сатып алушыларға арналған электронды карта енгізу арқылы адрестік азық-түлік көмек көрсету мемлекеттік бағдарламасын құрастыру.

Осы сұрақтар мен баға саясатына қатысты құқықтық бағаны заңмен бекітілген мерзім ішінде жазбаша беруіңізді сұраймыз.

 «Халық коммунистері»

фракциясының мүшелері:

 Сыздықов Т. И.

Ахметбеков Ж. А.

Баймаханова Г. А.

Қоңыров А. О.

Косарев В. Б.

Магеррамов М. М.

Смирнова И. А.

22 ақпан 2017 ж. жариянған

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Яндекс.Метрика