Home » Депутаттық сауалдар, Партия тынысы » Депутаттық сауал

Депутаттық сауал

Қазақстан Республикасының

 Премьер-министрі

Б.Ә. Сағынтаевқа

Құрметті Бақытжан Әбдірұлы!

ERA_2376Қазақстан Республикасының Президенті өзінің халыққа Жолдауында кәсіпкерлік пен оны қайта реттеу үшін барлық шығын түрлерін жаппай төмендету мақсатын қойды.  Бұл салада шешуін таппаған сұрақтар әлі көп, дегенмен біраз шаруа да атқарылды.

 Сонымен қатар Жолдауда адами капиталды дамыту мақсаты белгіленген. Бірақ мұнымен айналысатын негізгі салалар шектен тыс қайта реттеу, есеп беру мен негізсіз бақылауға тап болып отыр.

Біздің фракция сабақ беруге ешқандай қатысы жоқ істерге уақыттарын кетіріп жүрген ұстаздардың жағдайлары туралы сұрақ көтерген болатын. Дәл осындай жағдайға дәрігерлер де тап болып отыр.

Өздерінің халыққа білім беру мен медицицналық қызмет көрсету сияқты негізгі  міндеттерінен бөлек педагогтар мен дәрігерлер жоғары тұрған мемлекеттік құрылымдарға қызмет көрсетумен айналысады.

Адами капиталды дамыту мен жеке дара өсудің орнына олар өз уақыттары мен күштерін бюрократиялық аппаратпен өзара әрекеттесуге жұмсауға мәжбүр. Есеп беру мен тексеру шаралары әбден жүйеленген, әдетте жергілікті деңгейде қалыптасады.

Мұның барлығы білім мен медицина саласы қызметкерлерінің еңбек тиімділігін төмендетеді, сөйтіп барлық мемлекет көлемінде бюджеттік қаражатты тиімсіз шығындау орын алады.

Көріп отырғанымыздай, шектен тыс бақылау мен есеп беру білім беру және медицина қызметін тұтынушылардың құқықтарын қорғауда шарасыз, керісінше, сапаның төмендеуіне сеп болып отыр. Тұрғындардың күннен күнге өсіп жатқан шағымдары соның дәлелі.

Сөйтіп азаматтық қызметті талдау мен ішкі бақылаудың қазіргі жүйесі тұрғындардың да, ұстаздар мен дәрігерлердің де мүдделеріне сай болмай отыр. Тек мемлекеттік органдар мен ұйымдардың басшыларының мүддесіне бағытталып отыр.

Бұл мәселе талай мәрте көтерілген болатын, алайда ведомство деңгейінде шешілмейтіндігін тәжірибе көрсетіп отыр.

Қазіргі кезде жеке кәсіпкерлікке қатысты бақылау-қадағалау қызметінде күрделі өзгерістер болып жатыр. Әлеуметтік-экономикалық дамуға елеулі үлес қосатын азаматтық қызметке де  жүйелі амалдар мен  өзгерістер қажет.

Азаматтық қызметкерлерге қатысты есеп беру және тексеру шараларын жүйелеу және регламенттеу қажет деп санаймыз. Әсіресе, міндетті есеп беру құжаттарының нақты тізімін және азаматтық қызметкерлерге қатысты емес функцияларды атқару жағдайын нақтылау қажет.

Құрметпен,

«Халық коммунистері» фракциясының депутаттары

А.Қоңыров

Ж.Ахметбеков                                                                               

Г.Баймаханова                                                    

Т.Сыздықов                                                

М.Магеррамов                                             

И.Смирнова    

15.03.2017ж. жарияланды

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Яндекс.Метрика