Home » Депутаттық сауалдар, Партия тынысы » Депутаттық сауал

Депутаттық сауал

                 Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі

         Б. Сағынтаев мырзаға

 Құрметті Бақытжан Әбдірұлы!

IMG_3175«Айналамыздағының бәрі жұмысшылардың алтын қолымен жасалған,  біз еңбек адамының даңқын арттыруымыз керек», – деген Елбасының сөздері әрқашанда өзекті болып қала береді. Әсіресе ол қазіргі уақытта халықтың азаматтық белсенділігінің артуы, қоғамда демократиялық үрдістердің тереңдеуі кезеңінде ерекше маңызға ие болып отыр.

Бүгінгі  әңгіме еңбек адамына, оның мемлекетке, қоғамға, кәсіпорынға пайдалы кезінде ғана емес оның еркінен тыс, көбінесе жұмыс беруші мен мемлекеттің кінасына байланысты  денсаулық жағдайы бойынша толық еңбек ете алмайтын кезде де назар аудару жайында.

Өркениетті қоғамда қандай да болмасын еңбек, әркімнің қосқан үлесіне қарай бағалануы тиіс.  Ал жұмыс берушінің кінасы бойынша өндірістік жарақат алса немесе кәсіби ауруға шалдықса меншік иесі жұмыскер, оның отбасы алдындағы моральдық және материалдық жауапкершілігін есте сақтауға, жұмыскерге келтірілген залалды мүгедектігі сақталғанша және еңбекке жарамдылығы төмендеген барлық кезеңге өтемақы төлеуге шара қабылдауға міндетті.

Осы тұрғыда 6,5 мың мүгедек кеншілердің проблемасын мұқият зерттеуді талап ететін және тиісті шешім қабылдауды қажет ететін кез пісіп жетілді деп есмептейміз. Кеншінің ауыр да, әрі қауіпті еңбегі ерекше құрметті және жоғары еңбекақыны қажет етеді. Әсіресе меншік иесі  мен өндірісті ұйымдастырушының кінасы бойынша ауыр жарақаттар алған немесе кәсіби ауруға шалдыққан забой жұмыскерлерінің өмірі мен тағдыры қатты алаңдатады. 63 жасқа толған және ең төмен зейнетақымен зейнеткерлікке шыққан мүгедек кеншілерді регресстік төлемдерден айыру, оларды және отбасыларын  қайыршылық деңгейде тірлік етуге әкеліп соғады. Біз осы өкінішті әрі ұжымдық қатені мойындап, азаматтардың осы санатына қатысты әділеттілікті қалпына келтіруге шара қабылдауға тиіспіз деп есептейміз.

Біз қауіпсіз еңбекті қамтамасыз ету үшін шығын шығарғылары келмеген себептен денсаулықтары мен жұмысқа жарамдылықтарын жоғалтқан жалданушы жұмыскерлер алдындағы жауапкершіліктен қашқақтаған жаңа қожайындар мен сақтандыру фирмаларының айтқанымен жүруге тиісті емеспіз .

Құрметті Бақытжан Әбдірұлы!

Қарағанды облысына іс-сапарда кеншілермен көптеген кездесулер кезінде ауызша айтылған және жазбаша берілген арыздар негізінде Сіздің алдыңызда мүгедек кеншілердің резонансты проблемаларын қарап жатқан үкіметтік комиссия жұмысының тиімділігі төмен екендігі туралы мәселе көтеруге мәжбүр болып отырмыз. Осы мақсатта Сізді мүгедек кеншілердің мәселелері бойынша құрылған комиссияның жұмысына назар аударып, оны басқаруды  мемлекеттік органдар, кәсіподақтар өкілдері және барлық мүдделі азаматтық институттардың қатысумен мәселелерді күмансыз зерделеуді,  әділ ұсыныстар әзірлеуді, тіптен тиісті заңнамаға өзгерістер мен толықтыруларға бастамашы болуды ұйымдастыра алатын білікті әрі жауапты қызметкерге тапсыруыңызды сұраймыз.

Қабылданған шешім жөнінде заңда белгіленген тәртіппен бізге жазбаша хабарлауыңызды сұраймыз.

Қосымша: 26 беттен тұрады.

Құрметпен,
«Халық коммунистері» фракциясының мүшелері:  

Т. Сыздықов

Ж. Ахметбеков

Г. Баймаханова

А. Коңыров

В. Косарев

М. Магеррамов

И. Смирнова

«Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшелері:                            

С. Сапиев

2017 жылғы 15 наурызда жарияланды

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Яндекс.Метрика