Home » Депутаттық сауалдар, Партия тынысы » ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ

ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ

Қазақстан Республикасының

Премьер-министрі

Б.Ә. Сағынтаевқа

 Құрметті Бақытжан Әбдірұлы!

IMG_9794_0«Халық коммунистері» депутаттық фракциясы бұл сауал арқылы Үкіметтің назарын эпилепсия диагнозымен ауыратын адамдарға медициналық көмек көрсетуге байланысты мәселелерге аудартады.

Қазақстанда осы диагнозбен 36 мыңнан астам адам ресми тіркеуде тұр, оның ішінде 60%-ын балалар құрайды. Жыл сайын эпилепсияның ауыр түрімен ауыратын балалардың саны артып келеді. 2015 жылы неврологиялық стандартта эпилептологиялық кабинет, эпилепсияға қарсы тегін  дәрі-дәрмектер тізімінің ұлғаюы сияқты  жақсы үрдістер пайда болды. Бірақ   шешімін таппаған мәселелер де көп:

  • БМСК дәрігерлері мен эпилепсия менеджменті сұрақтары бойынша медбикелердің сауаттылық деңгейінің төмендігі (ғылыми-тәжірибелік семинарларда және басқа да оқыту іс-шараларында  біліктілікті арттыру қажет).
  • Заманауи интерактивті білім беру бағдарламаларының, қазақ және орыс тілдерінде арнайы әдебиеттің жоқтығы, стигматизацияның жоғары деңгейі.

- Бірыңғай ақпараттық ресурстың (интернет портал, ата-аналарға арналған форумдар) және Cell-орталықтарының (эпилепсиямен ауыратындарға денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау сұрақтарына қатысты ақпараттық анықтама алу үшін, нақтырақ айтсақ,  диагностикалық және емдеу орталықтарының мекен-жайлары мен байланыс телефондары, қызмет алудың алгоритмі, қажетті құжаттардың тізімі мен өзге де пайдалы ақпараттар) жоқтығы.

-  Қоғамда эпилепсия ауруы туралы түсініктің дұрыс қалыптастағаны ( БАҚ-та ақпараттық материалдардың аздығы, қоғамның назары мәдени-бұқаралық шаралар арқылы тартылмайды).

Мұнымен қатар эпилепсия диагнозына шалдыққандарға медициналық көмек көрсету мәселесі де бар. Олардың ішінде ең өзектілері:

  • эпилепсия ауруы мен оның таралуы туралы эпидемиологиялық шынайы мәліметтердің жоқтығы, нәтижесінде антиэпилептикалық дәрі-дәрмектермен сәйкесінше қамту іске аспайды, мұның салдарынан дәрі-дәрмектің тапшылығы мен тегін дәрі-дәрмектердің тізіміне енбеген дәрі-дәрмектердің баға өсімі орын алады;
  • емделушілердің басым бөлігіне жоғары технологиялық диагностикалық құралдарда тексерілу мүмкіндік шектеулі, мысалы, арнайы хаттама бойынша миды жоғары өрісті МРТ-ға түсіру, электроэнцефалография (ЭЭГ-мониторинг), оның ішінде ұзақ мерзімдісі (үш күннен жеті күнге дейін), нейропсихологиялық тестілеу;
  • барлық әлемде мойындалған кетогенді диета және эпилепсияның хирургиялық емделуі сияқты қосымша емдеу әдістері мәселесі шешілмеген.

- дәрі-дәрмектердің мемлекеттік тізілімде бүкіл әлемде қолданылатын қазіргі заманғы тиімді дәрі-дәрмектердің көбісі жоқ (сабрил, синактен-депо, осполот, фризиум және т.б.)

Эпилепсиясы және ілеспелі неврологиялық жағдайы бар балалар емделуші ретінде қолдаусыз қалып отыр. Эпилепсия адамға зардап әкелумен қатар емделу барысында үлкен шығынды талап етеді. Емделу барысында ең біріншіден, дәрі-дәрмектерге көп шығын кетеді, одан кейін стационардағы медициналық көмекке.

Эпилепсияға шалдыққан балаларға нейропсихологиялық қызмет, психоәлеуметтік және физикалық оңалту жетіспейді. Елімізде оңалтудың тиімді әдістері қолжетімсіз (Фельденкрайз, Войта, Бобат, АВА-терапия, гидрокинезотерапия сияқты әдістер). Науқастардың ата-аналарымен өзара байланыс және үй жағдайында жүйелі түрде жұмыс жасау бойынша үйрету жоқтың қасы.

Эпилепсияға шалдыққан отбасыларға психологиялық көмек және қолдау көрсететін ресурстық орталықтардың жоқтығы ата-аналардың өз күштеріне, өздерінің балаларына деген сенімнің аз болуына әкеліп соқтыратын фактор. Бұдан басқа отбасылардың бұзылуы, мүгедектердің еркін түрде үйге қамалуы және басқа да отбасылық мәселелер орын алады.

Эпилепсиямен ауыратындарға оңалту және психоәлеуметтік түзету орталықтарын ұйымдастыру, антиконвульсиялық және гормоналды медициналық дәрі-дәрмектерді, кето-диетаны жүргізу үшін  арнайы медициналық тамақтануды мемлекеттік тізілімге енгізу мәселелерінің өзектілігін арттыру қажет.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, Үкіметке осы мәселелерге  назар аудару және эпилепсия диагнозымен ауыратын азаматтар санатының өзекті мәселелерін шешу үшін бағдарлама құрастыру қажет деп санаймыз.

Депутаттық сауалға жауапты заңнамада белгіленген мерзім ішінде жазбаша беруіңізді сұраймыз.

Құрметпен, 

«Халық коммунистері» фракциясының депутаттары                                            

М.Магеррамов

Ж. Ахметбеков

Г. Баймаханова

И. Смирнова                             

Т. Сыздықов

05.04.17 ж. жарияланды

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Яндекс.Метрика