Home » Депутаттық сауалдар, Партия тынысы » ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ

ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ

Қазақстан Республикасының

Премьер-министрі

Б.Ә. Сағынтаевқа

 Құрметті  Бақытжан Әбдірұлы!

IMG_3155Біздің депутаттық сауалымызға еліміздің бірқатар аймақтарында орын алған су тасқынына қатысты қиын жағдай себеп болып отыр.  Үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың төтенше жағдайлардың алдын алу үшін  шара қолданатындары, кең ауқымды ақпаратты жұмыстар жүргізетіндері бізге жақсы белгілі.

Соңғы жылдары елдімекендер мен автокөлік жолдарын су шайып кетуі және өкінішке қарай адам өліміне соқтыратын оқиғалар жүйелі түрде қайталанып келеді. Биыл да дәл осы жағдай қайталанды. Біз қыс бойы Үкіметтің көктемгі су тасқынына қалай дайындалғанын  жиындарда, селекторлық кеңес барысында тыңдап,  басқарма басшыларының тасқынның алдын алуға толық дайын екендігін, су қоймаларының іргесі бекітіліп, қардың сыртқа толық шығарылғанын мәлімдеген баяндамасын тыңдадық. Әйтсе де көктем келіп, бәрін ағызып әкетті. Жыл сайын Үкіметке республикалық бюджеттен қаржы бөлінеді. Бірақ жыл сайын осындай жағдай қайталанады. Мемлекеттік органдардың ешбірі өзен суларының көтерілу деңгейін дұрыс болжай алмайды. Биыл да осындай қиын жағдайға қалып отырмыз.

Биыл тағы да Ақмола облысына қарасты Атбасар қаласында су тасқынына байланысты қиын жағдай орын алып отыр. Жабай өзені арнасынан асып 400 тұрғын үй мен аулаларды су басты. Жуырда ғана жөндеу жұмыстары жүргізілген қаланың  №1 орта мектебіне қайтадан су кірді. Оқу үрдісі тоқтатылды. Жалпы Атбасарда 1300 адам эвакуацияланған.

Шағалы су қоймасынан нормадан тыс судың шығу салдарынан Көкшетау маңындағы Қызыл Жар ауылы да су астында қалды.

Жабай, Сарқырама өзендері мен Құмдыкөл көлінде су деңгейінің көтерілуіне байланысты Сандықтау ауданында алты елдімекенді су басты.

  Ішкі істер министрі Қ. Қасымовтың сөзінше, тасқын суды Астана су деңгейін реттеу қоймасына бұру бойынша шұғыл шара қолдану қажет.

Неге осылай болып жатыр деген сұрақ туындайды. Бұл сұрақты кешенді және тиянақты қарастырудың кезі келген шығар. Үкімет бұл мәселеге түбегейлі назар аударып, барлық тәуекелдерді сараптап, саралап, жыл сайын туындайтын мәселелерді шешуге көмектесетін  дұрыс шешім қабылдауы тиіс.

Елдімекендерді, жолдарды инженерлік қорғау, жағаны бекіту  ғимараттарының, төзімді дамбалар мен гидроқұрылыстардың құрылысы бойынша іс-шаралары қарастырылған көктемгі тасқындарға қатысты апаттардың алдын алатын жеке мемлекеттік бағдарлама құру қажет болар. Оның іске асырылуына қажетті қаржы бөліп, бұл мәселені түбегейлі, жоспарлы түрде шешейік.

Біз төтенше жағдайдың алдын алу шараларына  қарағанда оның зардаптарын жою үшін  көп шығындаламыз. Бұл туралы біз жылда айтамыз, бірақ мәселені шешпейміз.

Құрметті Бақытжан Әбдірұлы, біздің ұсынысымызды қарастыруыңызды және заңнамада бекітілген тәртіп бойынша жауап беруіңізді сұраймыз.

Құрметпен,

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің

«Халық коммунистері» фракциясының мүшелері,

депутаттар

В. Косарев 

Ж. Ахметбеков

Г. Баймаханова

А. Қоңыров

И. Смирнова

Т. Сыздықов

19.04.2017ж. жарияланды

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Яндекс.Метрика