Home » Депутаттық сауалдар, Партия тынысы » Депутаттық сауал

Депутаттық сауал

Қазақстан Республикасының

Премьер-министрі

Б.Ә. Сағынтаевқа

 Құрметті Бақытжан Әбдірұлы!

IMG_3175Үшінші жаңғырудың ауқымды міндеттерін іске асыру негізінен біздің санамыздың жаңғыруына тәуелді. Сондықтан билік құрылымдары мен халық арасында сенім мен құрмет атмосферасын құру басты факторлардың бірі болып табылады.

Мемлекет халықтың, әсіресе халықтың әлеуметтік жағынан аз қамтылған тобының жағдайын жақсартуға көп көңіл бөледі. Біз бүгін ата-ананың қамқорлығынан айырылған жетім балаларға әлеуметтік қолдау көрсету туралы айтпақпыз.

Бұл бағытта актөбеліктердің жүргізіп отырған жұмыстары қызығушылық тудырады. Облыс әкімінің бастамасымен қабылданған кешенді бағдарламада жетім балаларға Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі мен кәсіпкерлер қауымдастығының өкілдерімен үшжақты келісім шарт жасау арқылы баспана алу мүмкіндігі қарастырылған. Бұл жүйе мембағдарлама арқылы жыл сайын осы санаттағы 60-70 азаматқа баспана алуға мүмкіндік беріп отыр. Мемлекеттік-жеке меншік сүйемелдеу негізінде 490 жетім бала қамтылған, құйылған қаржы шамамен 30 миллион теңгені құрап отыр. Жақын арада 80 азамат «Сәби» қайырымдылық қорының қаржылық қолдауымен жеке пәтерге қол жеткізеді.

Басқа аймақта жағдай өзгеше болып тұр.

2013 жылдың 2 маусымында Қарағандыда Халықаралық балаларды қорғау күнінде  облыс басшылығы балалар үйінен шыққан 17 азаматқа салтанатты түрде пәтер кілтін тапсырған. Екі апта ішінде тұруға рұқсат беретін ордер де беріледі деп сендірген. Жергілікті және республикалық БАҚ аймақтық биліктің жұмысына жоғары баға берген. Бұл бастама басқа өңірлерге үлгі де болды.

Бірақ, өкінішке орай, жақсы бастама өз мәресіне жеткен жоқ. Біріншіден, пәтерді беру тәртібі тиісінше түсіндірілген жоқ. Екіншіден,  жетім балаларға пәтерде тұруға құқық беретін ешқандай құжат берілмеген. Соның салдарынан уақытылы коммуналды қызметті төлеу мүмкін болмаған. Үшіншіден, жарты жыл өтпей дәліз бен пәтерлерде күрделі ақаулар пайда болған, яғни жөндеу жұмыстарына жұмсалған 114 миллион теңге мақсатты жұмсалмағандығы айдан анық болды.

Кейбір жетім отбасылар Майқұдықтағы  «Шахтерский» шағын ауданының шетінде орналасқан тұрғын үйге орналасуға келісімін берген. Ол жерде орталықтанған жылу жүйесі болмай, көлік жүрмейтін болып шықты.

Тұрғындардың билік өкілдерінен мән-жайды біліп, жауап алу әрекеттері нәтиже бермеді. Менің қала әкімінің қабылдауына кіру және мәселенің шешу жолдары туралы сөйлесу талпынысымнан да мән болмады. Әкім әр түрлі сылтаумен кездесуден бас тартты. Бұл қолданыстағы заңнаманы бұзу болып табылады.

Құрметті Бақытжан Әбдірұлы!

Бұл мәселе облыс деңгейінде өз шешімін таппай отыр. Сондықтан да біз Сіздің көмегіңізге жүгінуге мәжбүрміз.

Азаматтармен, әсіресе балалар үйінің тәрбиеленушілерімен жұмыс жасаудың мұндай тәсілдерін Мемлекеттік қызметкерлердің этикалық кодексінің талаптарына жауап береді деп айту қиын.

Сізден тиісті қызметтерге бұл жағдайға талдау жасауды, шенеуніктердің іс-әрекеттеріне кәсіби және адамгершілік тұрғыдан баға беруді тапсыруыңызды сұраймыз. Сонымен қатар шенеуніктердің іс-әрекеттерінің Мемлекет басшысының рухани жаңғыру бойынша талаптарына, Мемлекеттік қызметкерлердің этикалық кодексіне қаншалықты сай екендігін анықтап, тараптарды қанағаттандыратын тиімді шешім тауып, бұл үйлерде жүргізілген жөндеу жұмыстарының сапасын және  бюджеттік қаражаттың мақсатты жұмсалуын тексеруді сұраймыз.

Қолданған шара туралы ақпаратты қолданыстағы заңнаманың талаптарына сай беруіңізді сұраймыз.

 «Халық коммунистері» фракциясының мүшелері:

Т. Сыздықов

Ж. Ахметбеков

Г. Баймаханова

А. Қоңыров

В. Косарев

М. Магеррамов

И. Смирнова

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Яндекс.Метрика