Home » Депутаттық сауалдар, Партия тынысы » Депутаттық сауал

Депутаттық сауал

ҚР Премьер-министрі

Б.Ә. Сағынтаевқа

 Құрметті Бақытжан Әбдірұлы!

26e2c7a3080cf184678f9c3a5eb31ccb_resize_w_600_h_315 (1)2011-2014 жж. Батыс Қазақстан, Атырау және Маңғыстау облыстарының экологиялық жағда      йы туралы Ұлттық баяндама бойынша экологтар қоршаған орта саласында қалыптасқан ахуалға алаңдаушылық танытып отыр.

Талдау көрсетіп отырғандай, ауа бассейнін ластайтын қалдықтардың жалпы көлемінің үлесі мұнай-газ өндіруші және мұнай өңдеуші кәсіпорындарға тиесілі. Өндірістік кәсіпорындар атмосфераға жылына жүз мың тоннадан астам қалдықтар шығарады, олардың 80-85% мұнай-газ секторының кәсіпорындарына жатады.

2015 жылы ауаны ластайтын заттардың ауқымы 3 мың тоннаға көбейген. Бұл кейбір ұйымдардың өндіріс қуатын арттыруына байланысты.

Мысалы, «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС қалдықтарды шығаратын жаңа көздер енгізілгендіктен зиянды заттардың шығарылуы да артқан. Биыл «Ароматизаторларды қайта өңдеу кешені» іске қосылды. Сонымен қатар «Caspian Ecology»  мен «Алтиес Петролеум Интернэшнл Б.В.» жауапкершілігі шектеулі серіктестітерінде де жалпы қалдық көлемінің артқаны байқалып отыр.

Ілеспе мұнай газын жағу мәселесі де өз шешімін таппай отыр. Барлау жұмыстарын жүргізу барысында және терең эксплуатациялық ұңғымаларды бұрғылау кезінде көп қалдық пайда болған (бұрғылау ерітіндісі, бұрғылау қойыртпағы, бұрғылау ағын сулары). Бұлардың құрамында табиғи минералды және органикалық заттар өте көп. Көптеген мұнай-газ құрылымдарын іске қосу, көп жылдар бойы өндірісте пайдаланған сулармен ластау жер қыртысының, жерасты суларының, су арналарының ластануына әкеліп соқты.

Қазіргі кезде облыстағы көптеген мұнай және газ кен орындары әзірлік кезеңінде. Мұнайды өндіру, тасымалдау, сақтау және қайта өңдеу көптеген шығындарды көздейді. Мұнайды қайта өңдеу және сақтаумен айналысатын кәсіпорындарға мұнай ажырататын станциялар, мұнай ажырататын зауыттар, бірнеше АТС, Атырау мұнай базасы, Атырау мұнай өңдеу зауытының өндірістік қалдықтар қоры, ағын суларды ағызатын бірқатар өзендер, мұнай құбырлары мен мұнай-газ құбырлары жатады. Қоршаған ортаны ластайтын барлық көздер жерасты суларының сапасына әсер етеді.

Жерасты суларының құрамында күкіртті сутектің көп мөлшері Теңізден Құлсарыға дейінгі және Тереңөзек пен Қаратонды аймақтарында кездеседі.

Мұндай жағдай Маңғыстау облысында да орын алып отыр. Маңғыстау облысының аумағында улы қалдықтарға арналған жалпы көлемі 117,02 га болатын 34 полигон бар. Бұл полигондарда 2015 жылы 1,2 миллион тонна қалдық жиналған. Ірі ластаушы нысандарға Теңіз-Құлсары-Ор, Теңіз-Құлсары-Атырау, Маңғыстау-Атырау-Самара, Ақсарай-Атырау мұнай-газ құбырлары мен Теңіз-Құлсары-Орта Азия-Орталық газ құбырлары жатады.

Өкінішке орай қалыптасқан жағдайды жақсартуға бағытталған жобалардың іске асырылуы туралы ешбір ақпарат жоқ. Облыстың табиғатты қорғау прокуратурасының 2015 жылдан 2017 жылдың бірінші тоқсанында қоршаған орта саласында құқық бұзушылық фактілері бойынша дайындалған әкімшілік материалдардың мәліметтері ғана бар. Осы аралықта 3,5 мың құқық бұзушылық орын алған, 4,5 млрд. теңгеге айыппұл салынған.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, «Халық коммунистері» фракциясы мынадай сұрақтарға жауап беруіңізді сұрайды:

Қазіргі таңда кен орындары мен өндіріс аймақтарындағы экологиялық ахуалды жақсарту үшін қандай шаралар қолға алынды,

Парникті газдар қалдықтарының пайызын азайту, Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарындағы мұнай-газ кен орындарының маңайындағы қалдықтардың залалын азайту бойынша  2017-2018 жылдарға қандай іс-шаралар жоспарланып отыр?

Экологияны қорғау бойынша қандай жобалар қарастырылуда, қайсысы іске асырылып жатыр?

Бұл жобаларға мемлекеттік және өзге де мемлекеттік емес ғылыми-өндірістік,  ғылыми-зерттеу ұйымдарының қатысуы қандай дәрежеде?

Өндіруші саладағы экологиялық ахуалды жақсарту  бойынша жаңа бастамалар мен ұсыныстар туралы ақпарат бар ма? Экологиялық мониторинг және ақпарат департаментінің Қазақстан Республикасы энергетика министрлігінің құрылымында болуы өзін өзі қаншалықты ақтайды?

Депутаттық сауалды қарастырып, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген тәртіп бойынша жауап беруіңізді сұраймыз.

Құрметпен,

«Халық коммунистері» фракциясының мүшелері

Ж. Ахметбеков

Г. Баймаханова

В. Косарев

А. Қоңыров

М. Магеррамов

И. Смирнова

Т. Сыздықов

3 мамыр 2017 жылы жарияланды

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Яндекс.Метрика