Home » Депутаттық сауалдар, Партия тынысы » Депутаттық сауал

Депутаттық сауал

Қазақстан Республикасының

Премьер-министріне

Қазақстан Республикасының

Ұлттық банк төрағасына

Құрметті Бақытжан Әбдірұлы!

Құрметті  Данияр Талғатұлы!

ERA_2376«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңына сәйкес зейнетақы активтерінің басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстарды қарастыру және жасау үшін Қазақстан Республикасы Президентінің жанында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқару кеңесі құрылған. Кеңес  зейнетақы активтерін БЖЗҚ-ға орналастыру үшін рұқсат етілген қаржы құралдарының тізімін мақұлдаған. БЖЗҚ зейнетақы активтерін басқару Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк Басқармасының 2014 жылы қабылдаған жаңа инвестициялық декларациясына сай жүзеге асырылады. Декларацияға сәйкес инвестиция активтердің негізгі үш тобына жасалынады: Қазақстан Республикасының мемлекеттік құнды қағаздары, Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктерінің депозиттері мен облигациялары,  халықаралық эмитенттердің еурооблигациялары.  БЖЗҚ-ның зейнетақы активтерін осы активтер тобына инвестициялау зейнетақы жинақтарының сақталуын және табыстылығын қамтамасыз ету  қажеттілігінен туындаған деп мәлімденген болатын.  БЖЗҚ-ның зейнетақы активтерін Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктерінің қаржы құралдарына инвестициялау ұлттық валютада несиелеудің артуы арқылы ел экономикасына жақсы нәтиже береді деп түсіндірілген.

Қазіргі таңда БЖЗҚ-ның Әзірбайжан Халықаралық Банкіне қағазға инвестициялаған 71,3 млрд. теңге халықтың қаржысын жоғалту қаупі туралы ақпарат халықты дүр сілкіндірді. Белгілі болғандай Қазақстанның қолбасшы банктерінің бірі бұл банктің облигацияларын орналастыруға қатысқан, бірақ өз жайғасымын 2014 жылы жапқан. Сонымен қатар 2014 жылдың екінші жартысында БЖЗҚ Халықаралық Әзірбайжан банкінің құнды қағаздардың барлық эмиссиясының 50% астамын алған, бұл өте қауіпті мәміле болып табылады.

Осыған орай, «Халық коммунистері» фракциясы мынадай сұрақтарға жауап берулеріңізді сұрайды:

Неліктен БЖЗҚ қауп-менеджменті негізгі мақсат – зейнетақы салымдарын сақтауға қайшы келіп отыр?

Неліктен  жеке зейнетақы қорларының инвестициясы бойынша даулы дефолттан кейін тиісті шешім шығарылған жоқ?

Әзірбайжан Халықаралық Банкінің облигациялары бойынша орын алуы мүмкін дефолтқа кім жауап береді?

Бұл инвестициялар сақтандырылған ба?

Біздің банктік жүйеде ұзақ мерзімді қор жинау бойынша мәселе шешімін таппай тұрғанда, неліктен және кімнің бастамасымен біздің азаматтарымыздың зейнетақы жинақтары шетелдік банктерді қолдауға бағытталып отыр?

Коммунистер халықтың  жинақтарына бұлайша жеңіл қарауға жол берілмеуі тиіс деп санайды. Сіздерден толыққанды тексеріс жүргізіп, айыптыларды тауып, жауапқа тартып, БЖЗҚ жүйесінде жеке компаниялар мен банктердің мүдделерін көздеу мен міндеттемелерге салғырт қарауға қарсы әрекет механизмін құруды сұраймыз.

Құрметпен, «Халық коммунистері» фракциясының депутаттары

А. Қоңыров

Ж. Ахметбеков

Г. Баймаханова

В. Косарев

М. Магеррамов

И. Смирнова

Т. Сыздықов

17 мамыр 2017 жылы жарияланды

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Яндекс.Метрика